Жергілікті уақыт 16:30 шамасында Арал ауданындағы Қаратерең ауылы маңындағы «Тасарық» каналына 2006 жылы туған жасөспірім батып кеткен.
Туыстары тереңдігі 2, ені 5 метрлік каналдан жасөспірімнің денесін 17:35-те алып шығыпты. Оның белгіленбеген аймақта суға түскені анықталып отыр.