Тағайындау • 10 Маусым, 2021

Алматыда Экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанат Элимановтың бұйрығымен Емберген Сәкенұлы Құдайбергенов Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда Экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Емберген Кұдайбергенов 1978 жылы 23 қазанда Алматы облысында дүниеге келген.

1997 жылы ҚР Алматының жоғарғы мектебін, 2003 жылы ҚР ІІМ Академиясын, 2016 жылы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында бастады.

Әр жылдары қаржы полициясында, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясында, мемлекеттік меншікті басқару органдарында басшылық қызметтерде жұмыс атқарды.

2020 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болды.



Соңғы жаңалықтар