Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Қызылорда облысында 106 екпе бөлмесі жұмыс істейді

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесінің 91-і ауылдық жерде орналасқан. Мұнан бөлек, шалғай ауылдардағы тұрғындарға екпе салу үшін 39 мобильді топ жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылорда облысында 106 екпе бөлмесі жұмыс істейді

Ал 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, HayatVax, Спутник-V вакцинасының 129050 І компоненті келіп, 74 пайызы салынған. Ал, ІІ компоненттен 87300 доза жеткізіліп, 46,8%-ы егілген.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде айтып өтті.

Аймақ басшысы коронавируспен күрес бағытында атқарылған нақты жұмыстарды саралады. Кешенді шараларды уақытылы ұйымдастыру нәтижесінде өңірде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталып, жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген. Неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылауға мониторинг тұрақты жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35