Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Түркістанда экобазар ашылады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында салынып жатқан экобазар жақын уақытта іске қосылмақ. Бұл – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 гектар жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның жалпы құрылыс алаңы 5 гектарға жуық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда экобазар ашылады

Жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ.

Диқандар мұнда өз өнімін сата алады. Ол үшін барлық жағдай жасалатын болады. Облыс әкімі қаладағы жаңа ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Орталық стадионның айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысқан облыс әкімі мердігерлерге бірқатар ескеру айтты. Жұмысты ширатып, кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды міндеттеді. Яссы көшесі бойындағы желілік саябақ пен денробақта болып, мердігерлермен кездесті. «Түркістан қалалық саябақтың» жалпы ауданы 28 гектарға жуық. Дендробақ аумағында 12 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 мыңнан астам ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған.

Бүгінгі таңда алуан түрлі ағаштар егіліп, асфальт, аяқ жол төселген. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Жарықшамдар қойылып, газон мен суару жүйесі жүргізілген.

Дендробақ аумағынан сыйымдылығы 200 мың текше метрден асатын су айдынының құрылысы жүруде. Жасанды көл 4,5 гектар аумаққа жайғасады. Су айдыны Бөген су қоймасынан келетін Арыс – Түркістан каналы арқылы қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45