Президент • 10 Маусым, 2021

Президент көмірсутек энергетикасын дамытуды тапсырды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына көмірсутек энергетикасын дамыту бойынша нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көмірсутек энергетикасын дамытуды тапсырды

«Энергетика министрлігіне, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына құрылып жатқан жаңа технологиялардың құзыреттілік орталығының қызметінде сутегі энергетикасын басым бағыт ретінде айқындауды тапсырамын. Біз инвестиция тарту бойынша белсенді жұмысты жалғастырамыз. Бүгінде қазақстандық шикізат тауарларының экспорты өңделген тауарлар экспортынан үш есе артық. Осыған байланысты экспорт құрылымының өзгеруі экономиканың құрылымын бірдей өзгертті», деген Президент шетелдік инвесторларды Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістерге белсенді қатысуға шақырды.

«Мен сіздерге біздің көлік-логистикалық әлеуетімізді арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарыңыз үшін алғыс айтамын. Кеңестің көптеген мүшелері – General Electric, Morbeni, PwC компаниялары, Дүниежүзілік банк – көлік-логистикалық қызметтер сапасының тиімділігі мәселелеріне, әсіресе халықаралық орталықтардың жұмысына, халықаралық ынтымақтастық бөлігінде назар аударды. Бұл шынымен тар мойын, оны кеңейту керек», деп түйіндеді Президент.