Қоғам • 10 Маусым, 2021

Аралас мектептер көбейіп барады

835 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2 047 аралас тілді мектепте білім алып жатыр.

Аралас мектептер көбейіп барады

Аралас мектептер мәселесі кеңес өкіметі кезінен бері талқыланып келе жатыр, алайда қазіргі таңда оның саны артпаса, азайған жоқ. Бұл мәселе араласмектептерде жиналыстан бастап, саптық жиындар, түрлі шаралардың орыс тілінде өтуінен, идеологиясының өзгеше болуынантуындап отыр. Ондай білім ордасында оқыған бала қазақ тілінде сөйлемейді дейді сарапшылар.

Нұр-Сұлтан қаласында аралас тілді білімберетін мектептер саны көбейіп жатыр. Білімбасқармасының мәліметінше, елордада жалпы 91 мемлекеттік мектеп бар, оның 34-і қазақ мектебі, 8-і орыс мектебі, 49-ы аралас тілді. Қоғамдыалаңдатқан бұл мәселе Media club Qazaqstanалаңында талқыланды. Онлайн кездесуге білімсаласының сарапшылары қатысты.

Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы араласмектептерді ашқанша, қазақ тілді мектептердіңсанын арттыру керек екенін баса айтты. Тілжанашыры Елбасы Н.Назарбаевтың 2006 жылыҚазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясындағы жасаған баяндамасында: «Қазақтілінде білім беретін мектептерде оқитындардыңсаны 63 пайызды құрайды. Біз 2020 жылға қарайбарлық қазақстандықтардың 95 пайызымемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндетқойып отырмыз», деген сөзін алға тартты. Мәжілістің экс-депутат 2020 жыл өтіп кетсе де орыс сыныбында оқитын балалардың қазақ тілінбілмейтінін айтып, қазіргі білім саласыбасшыларына аралас мектептердегі идеология бөлек екенін атап өтті.

Бүгінде елордада 15 мың оқушыға орынжетіспейді, бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 90 мыңға жетеді деген болжам бар. Мектептапшылығы мәселесін шешу мақсатында жаңамектептер салынуда. Мәселен, BI Groupкомпаниясы салған BINOM School әуел баста қазақ мектебі болады дегенімен, кейін араластілді мектепке айналды.

«Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан ашылыпжатқан мектептердің негізгі мақсатыүшауысым мәселесін шешу. Елімізде аралас тілдімектептер саны көбейгенімен, таза орыс тіліндеоқытатын мектептер саны азайды. Себебі оларорыс мектебінен аралас тілді мектепке айналыпжатыр. Биыл BINOM School-дың біріншісыныбына өтінім бергендердің 70%-ы – қазақтілді балалар», деді аталған мектептің директоры Шолпан Кадырова.

Модератор, М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті басқарма төрағасының орынбасарыЕрболат Мұхамеджан мектеп директорынанаралас мектеп ашпас бұрын жергіліктітұрғындармен қандай жұмыс жүргізілгенінсұрап, талдау жұмыстарының нәтижесіменбөлісуін өтінді. Бірақ мектеп басшылығы мен Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасыныңбасшысы нақты статистикалық мәліметтерді, жүргізілген сауалдама нәтижелерін ұсынаалмады. Өз кезегінде модератор араласмектептердің көбейгеніне алаңдаушылықбілдіріп, төмендегі статистиканы келтірді.

«Елімізде аралас мектептер саны 30%-ды құрапотыр. Білім және ғылым министрлігіндегіҰлттық білім беру деректер қорының 2021 жылғы мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 1,5 млн-ға жуық бала 2047 аралас тілді мектепте білімалуда. Аралас мектептердің саны басымөңірлердің көшін Алматы облысы бастап тұр. Ондағы 306 аралас мектепте 256 020 оқушыбілім алуда. Маңғыстау облысындағы 15 араласмектепте 25 744 бала оқып жатыр», деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасыбасшысының айтуынша, елорданың солжағалауында орыс тілінде оқытатын мектептераз, үш ауысымды мектептер көп. Сондықтанаралас мектеп салу бұл мәселені шешетінінайтады.

«Жаңа мектептің оқыту тілі маңындағытұрғындардың талабын ескере отырыпанықталды. Жергілікті тұрғындардан қажеттілігімізді ескермейсіздер деген шағымдаржиі түседі. Астанамыздың сол жағалауында орыс тілінде оқытатын мектептер саны аз болғандықтан, ата-аналар орыс тілді сыныптарашуымызды сұрайды. Сұраныс бар, сондықтанаралас мектептер ашылуда», дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай.

Осы орайда білім басқармасының басшысы модераторға келіп түскен шағымдар бойынша болашақта талдау жасап, сол бағытта жұмыс жүргізетінін айтып ақталды.