Президент • 11 Маусым, 2021

Сындарлы кезең

333 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін ұстағанына да екі жылдың жүзі болды.

Сындарлы кезең

Осы уақыт ара­лығында ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды жұмыстар атқарылып, маңызды шешімдер қабылдан­ды. Ең бастысы, елдің еңсе­сі биіктеп, абыройы арта түсті.

Отандастарымыз жақсы біле­тіндей, осыдан екі жыл бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи шешім қабылдап, ел Президенті лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсынған болатын. Бұл «жеті рет өлшеп, бір рет кесілген», жан-жақты таразыланған шешім болғаны анық. Себебі ел тізгінін ұстау, Мемлекет басшысы болу деген оңай дүние емес. Оған қоса, дұ­рыс шешім қабылдап, «өгіз­ді өлтірмеудің, арбаны сын­дырмаудың» жауап­кершілік жүгі тағы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жүктелген маңызды міндетті абыроймен арқалап келеді. Сын сағаттарда сыналып, шыңдал­ды.  

Әрине, көп адам «екі жылда еліміз­де не өзгерді, қандай маңызды шешім­дер қабылданды?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Елімізде осы аралықта оң өз­герістер өте көп болды. Мәселен, Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Пре­зи­дент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құ­рыл­ды. Өткен екі жылдың биі­гі­нен қарайтын болса, аталған Кеңес «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасын іске асы­руға зор үлес қоса алғанын байқауға болады.

Бұл Кеңес халықты тол­ған­дырған, қоғамды маза­лаған көптеген мәселе мен сұрақтың жауабын іздеп, олардың оң шешім табуына бастамашы болды. Ел тағдырына бейжай қарай алмайтын отандастарымыз, белсенді азаматтар, тәуелсіз сарапшылар осы Кеңестің төңірегіне топтасып, тізге қосып, бас біріктірді. Екі жылға жуық мерзімде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсете алды. Түрлі ұсыныс айтылып, ба­йыпты бастамалар көтерді. Оның өзі қоғамдағы келі­сім­нің жемісті жетістігі, өзіндік нәтижесіне айналды. Соның тұма бастауында Қасым-Жомарт Тоқаев тұр.

Өздеріңіз жақсы біле­тін­дей, экономика бір ғана Қазақ­станда, болмаса бір ғана Орталық Азияда емес, бү­кіл әлемде құбылмалы болып тұр. Осынау сын сағат­та Мемлекет басшысының Қа­зақ­­­стан халқына жаса­ған жа­нашырлығы мен таныт­­қан қамқорлығы – несие амнистия­­сы дер едім. Мұндай амнис­­тия­ны Президент екі жыл ішін­де бір емес, бірнеше мәр­те жасады. Соның нәтиже­сін­­­де қаншама отандасымыз қол­дау көріп, иықтағы жүк­те­месін жеңілдете алды. Бұл да – Пре­зидентке тән патрио­тизм­нің, аза­мат­тықтың белгісі.

Әлемді әбігерге салған пандемия жағдайында өмір сүріп жатқанымызға да биыл бір жылдан асып барады. Осы кезеңнің өзінде Қасым-Жомарт Тоқаев өзін іскер тұлға, көшбасшы ретінде көрсете алды. Дүние дүрлігіп жатқан­да Президентіміз отан­дастарымыздың тығы­рыққа тірелуіне жол берген жоқ. Халықты, кәсіп­керлікті қолдауға арналған игі істер, тың бастамалар қол­ға алынды. Қарапайым аза­маттар, бизнесмендер еңсесі басылып, қолдаусыз қал­ған жоқ. Осының барлығы Мемлекет басшысы ат­қар­ған ауқымды жұмыстардың нақ­ты нәтижесі деп білемін. Мұндай ауыр міндет пен жауапкершілік жүгін екі­нің бірі арқалай да, атқара да алмайды.

Пандемия адамзат бала­сының алқымынан алғалы бері дүние жүзінде оннан ас­там ғана вакцина тір­кел­генін білеміз. Сол сау­сақ­пен санарлық вакци­на­лардың арасынан отан­дық QazCovid-in ойып тұрып орын алды. Бұл ненің белгісі? Мемлекет басшысы еліміздегі ілім-ғы­лымның, медицина сала­сы­н­ың дамуына сенімді сер­піліс ала келді. Ел ішінде «үйдің отағасы қандай болса, отбасының жағдайы да соған сай болады» деген сөз бар.

Президентіміз жер-жаһанды жайлаған індетке, қиын-қыстау кезеңге қара­мастан, еліміздегі ғылымның ілгері­леуіне көп көңіл бөліп отыр. QazCovid-in вакцинасын құлшыныстың нақты нәтижесі деуге болады.

Мемлекет басшысы­ның елді елең еткізген тағы бір бас­­тамасы – зей­нета­қы қо­рын­­дағы қаражатты тиім­ді пай­­далануға беру мәсе­ле­сін жол­ға қойғаны. Бұл – көп­­­теген мемлекет бас­шы­лары­­ның қолынан келмей­тін, мұн­­дай қадам­ға баруға баты­­лы жет­пейтін бастама. Сол қадамды Қасым-Жомарт Тоқаев жасады. Со­ның нә­­ти­­жесін­де көптеген отан­­да­с­ы­­­мыз баспаналы болып, бас­пана алмағандары қара­жат­тарын денсау­лығын жақсар­туға жұмсады. Осы игі баста­ма әлі де жалғасын тауып жатыр.

Әрине, ел Президентінің елге сіңір­ген еңбегін шағын мақалаға сый­дыру мүм­кін емес. Біз­дің ай­тып отыр­ғанымыз – екі жыл­да ат­қарылған еңселі істер­дің бір парасы ғана. Алда  ауқымды жұмыстар, маңыз­ды бастамалар, бағынды­рар белес­тер көп. Ең бастысы, Мем­ле­кет басшысының әр қада­мы халықтың жағдайын жақ­сартуға, тұрмысын тү­зеуге, әл-ауқатын арттыруға бағыт­­та­лып келеді. Келер жыл­дары да солай бола бере­тініне сенімдімін.

 

Геннадий ШИПОВСКИХ,

Мәжіліс депутаты