11 Маусым, 2021

Сынаққа салған екі жыл

212 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан әлемдегі тәуелсіз елдер қатары­­на қосылып, терезесі тең, құқығы бір дер­­бес мемлекет болғанына биыл отыз жыл толады.

Сынаққа салған екі жыл

Осы бір тарих өл­ше­міндегі қас қағым уақытта қазақ ұлты ғаламат жетістікке жетіп, шекарасы ше­ген­делген егеменді елге айналды, өз тағ­дырын өзі айқындайтын дәрежеге жетті, халық­аралық қауымдастықта өз орнын тауып, беделі, ықпалы артты.

 

Соның нәтижесінде еліміздің тәуел­сіз мемлекет ретінде негізі, тұ­ғыры, іргетасы берік қа­лан­ды. Бұл – әрине, осы кезеңдегі Мем­­лекет басшысы, Тұңғыш Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевтың сыртқы саясат­тағы қажырлы, табанды еңбегінің жемісі.

Сонымен қатар қазіргі кезеңде әлем­дегі ха­лық­аралық жағдай ерекше күр­деленіп кетті. Халық­аралық құқық бұзылып, алпауыт елдерге тежеу мен тоқтам болмай қалды. Олар бас­қа елдердің ішкі жағдайына, ісіне тік­елей араласатын болды, өз мүд­­де­сі үшін соғыс ашуға дайын екен­­дік­­­терін көрсетіп отыр. Біріккен Ұлт­тар Ұйымы осындай қысымнан, агрес­сиядан қор­ғаныс әлеуеті төмен ел­­дер­ді сақтауға, оны бол­дырмауға әзір­­­ге қауқарсыз. Сонымен бірге әлем­дегі қа­лып­тасқан жаһандану үрдісі бә­сең­­­деп, көптеген ықпалды мем­лекет­те ұлт­­шы­л­дық көзқарас бой көтере бас­тады, әлем­дік саудада әр мем­­ле­­кет өз мүд­десін қор­ғау­ға көшті. Дүние­жү­зілік сауда ұйы­мының беделі, үйлес­тіру­­ші рөлі төмен­деп кетті, ортақ келісіл­­­ген прин­цип­тер мен тәртіп бұзыла бас­тады. Санк­циялық текетірес үрдіс алды.

Ең күрделісі – әлемде қауіпсіздік деңгейі күрт төмен­­деді, терроризм мен экстремизм өршіп тұр, жап­­пай қарулану, әсіресе ядролық қару­ды жетіл­діру бә­сең­дер емес, алпауыт елдер тіпті ға­рышты да, ға­­лам­­торды да осы мақсатқа пай­далануды қолға ала бастады. Вирустық ауру­дың неше түрі пайда болып, жалпы адамзат баласына қауіп туғызуда.

Міне, осы жағдайлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы екі жылғы қызметі­мен тұспа-тұс келіп, Мемлекет басшысы ретін­де оған орасан зор жауапкершілік пен міндет­тер артты, жаңа батыл қадамдар мен нақты шешім­дерді талап етті.

Осы ретте соңғы екі жылда атқа­рыл­ған іске зер салсақ, Елбасының назары мен Қазақстан халқының сенімі, қалауы Мемлекет басшысы ретінде жан-жақты дайындықтан өткен, елде де, әлемде де беделі үлкен тұлғаға – Қасым-Жомарт Кемелұлына түскені дер кезінде қабылданған тарихи шешім болғанын уақыт көрсетіп отыр. Саяси сабақтастықты басшылыққа алған Прези­дент заман талабына сай барлық сала бойынша көптеген жаңа бастама мен реформа ұсынды, тиісті заңдар, арнайы шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтқанда, қоғамдағы жағдайға шынайы диагноз қойып, оның шешу жолдарын айқын көрсетіп берді. Шындығына келсек, осы екі жылда билік те, қоғам да өзгерді, халықтың үніне құлақ асатын билік қалыптасып келеді, оның жұмысында жариялылық пайда болды, әлеуметтік желіні кеңінен пайдалануға көшті, арыз-шағым жауапсыз қалмайтын болды, цифрлық қоғамға бет алдық.

Ең маңыздысы елдегі ішкі тұрақ­тылық, бейбіт өмір, этнос пен дінаралық түсіністік, сыйластық сақталып қалды. Әрине, экономикада, әлеуметтік салада әлі де шешілмеген мәселелер жет­кі­лікті, біздің елдің бірлігі мен ынты­ма­ғы сақталған жағдайда олардың ше­шімі табылатыны анық, оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолға алған реформалары кепіл бола алады, тек қолдай білейік.

Икрам АДЫРБЕКОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері,

Төтенше және өкілетті елші