Қоғам • 11 Маусым, 2021

Шымкентте бюджет қаржысын жымқырған экс-шенеунік сотталды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте денсаулық сақтау басқармасы басшысының экс-орынбасары сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте бюджет қаржысын жымқырған экс-шенеунік сотталды

Ернар Мырзақұловқа пандемия кезінде бюджет қаржысын бас пайдасына жұмсаған деген айып тағылды.

Шамамен 1,4 млрд теңгеге аппарат сатып алу бойынша тендер өтіп, алайда экс-шенеунік жалған құжат жасап, оған өзге құралдар сатып алған. Ал, келісімге келіп, далада қалған компания экономикалық тергеу департаментіне арызданған. 

Осыдан кейін бар былық ашылып, лауазымын асыра пайдаланған Мырзақұлов 3 жылға сотталды. Және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

«Ол келісімшарт түзіп, бір жарым айдан кейін ақшаны аудармай, басқа тендер өткізіп, басқа заттарға ақшасын пайдаланған», деді әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов. 

Бюджеттің 1 млрд 391 млн 587 мың теңгесін өз ақшасындай көрген экс-шенеунікке берілген жазаның жұмсақтығын судьялар өзінше түсіндірді.

«Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары отбасының жалғыз асыраушысы. Әрі 4 баланы бағып отырған оның бір перзенті мүгедек екен. Кеше қамауға алғандағы ауруханада жатқан. Ауызша айтқанда грыжа. Ол қимылдай алмайды. Өзі жүре алмайды қазір», деді әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.