Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Түркиядан Түркістанға білікті дәрігерлер келді

23 рет көрсетілді

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң клинико-диагностикалық орталығына Түркиядан білікті дəрігерлер келіп, медицина саласындағы озық тəжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы тұрғындарына бірнеше күрделі ақысыз оталар жасады. Бұның барлығы «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы аясында бауырлас елге деген сый ретінде жүзеге асуда. Бұл жайында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мухиддин Шімшек мәлімдеді.

Дəрігерлер 1-10 маусым аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығына тіркелген туа біткен даму ақаулары бар балаларды кезексіз тексерістен өткізді. Түркиялық педиатр-дәрігерлер бүлдіршіндерді қабылдап, ата-аналарға кәсіби кеңестерін беріп, арнайы емдеу тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ церебралды сал ауруы, дауна синдромы, аутизм, тірек-қимыл жүйесі, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды дәрігерлік тексерістен өткізді.

Жалпы саны 40-тан астам бала жоғары деңгейлі мамандардың қабылдауында болды. Сондай-ақ, отоларинголог-дәрігерлер құлақтың іріңді аурулары және мұрын ісіктері диагноздарымен 32 науқасқа күрделі оталар жасап, 3 науқасқа құлақ протездерін салған.

Соңғы жаңалықтар

Сөз сойыл

Қоғам • Бүгін, 09:12

Жас қобызшылар бақ сынады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:05

Ардагерлер аруағына құрмет

Аймақтар • Бүгін, 09:03

whatsapp-тағы бассыздық

Аймақтар • Бүгін, 08:54

ІТ лицей-интернаты ашылды

Президент • Бүгін, 08:32

Халыққа арналған басымдықтар көп

Президент • Бүгін, 08:30

Құрылыс нарығындағы ахуал қандай?

Экономика • Бүгін, 00:35

Жалғыздық бояуы

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар