Оқиға • 11 Маусым, 2021

Атырауда 4 адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бір отбасы мүшелерін қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 4 адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Мақат ауданы Доссор кентінде 31 мамыр күні түнгі сағат 01:10 шамасында Toyota Sequoia көлігін тізгіндеген 33 жастағы жүргізуші, жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылы туған бір отбасының төрт мүшесін қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.