Нұрлан Таубаевтың адвокаты Асқар Таубаевтың сөзінше, 9 маусымда кешке інісінің тергеу изоляторында жағдайы нашарлап, оны облыстық ауруханаға жеткізген.
– Дәрігерлер ұйқы безінен тас тауып, кеше Нұрлан Таубаевқа жалпы наркозбен күрделі ота жасалды. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, қазір оның денсаулығына алаңдап отырмыз, - деді Асқар Таубаев.