![Семейде жол апатынан 3 адам зардап шекті](/media/2021/06/11/5658ac76-5536-49bf-851d-a69bd3b6e593.jpeg)
Жол апаты бүгін Разин мен Өскемен көшелерінің қиылысында болды.
«Таңғы сағат 08.00 шамасында Subaru мен Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Жол апатының салдарынан 3 адам зардап шеккен. Екі әйел мен бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.