Бүгінгі таңда республика көлемінде 114 кинотеатрдың 109-ы ғана жұмыс істеп тұр.
Жаһанды әбігерге салған коронавирус індеті көптеген бизнес субъектілерінің тоқтауына себепкер болды.
Осыған байланысты халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кинотеатрлардың жұмыс істеуіне шектеу қойылды.
Қазіргі кезде қызыл аймақтағы кинотеарлар көрермендердің тек 30 пайызын қабылдайды. Ал сары аймақтағылар 40 болса, жасылдағылар 50 пайыз көрерменді кинозалға кіргізе алады.
Қазақстан кинотеатрлар қауымдастығының президенті Мунира Ягудина қазір «Кино туралы» заңға өзгерістер енгізу үшін, талқылаулар басталғанын айтты. Яғни, енді қазақ тіліндегі фильмдер тек прайм-тайм уақытта көрсетеді. Десе де, бұл талап жағдайды одан әрі қиындатады.