«Апта сайын онлайн форматта азаматтарды қабылдап тұрамын. Жыл басынан бері 200-ден астам отбасы қабылданды. Қала тұрғындарымен онлайн-кездесулерді тұрақты негізде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында өткіземіз.
Азаматтарды қабылдаумен қатар, кері байланысты нығайтуға есеп беру кездесулері мен қала аудандарын апта сайын аралау көмектеседі. Бұл шаралар барынша көп тұрғындарды қамтуға мүмкіндік береді. Айтылған мәселелерді назарға аламыз, қаланы тұрғындардың қатысуымен дамытамыз», деп жазды елорда әкімі.