Қазақстан • 12 Маусым, 2021

Салтанат Байқошқарова балалы болар алдында екпені естен шығармауды сұрады

71 рет көрсетілді

Алматы репродуктологы Салтанат Байқошқарова COVID-19 вакцинасының жоспарланған жүктілікке әсері туралы қауесетті жоққа шығарды. Оның айтуынша, вакцина қажет, өйткені бұл ананы да, баланы да қорғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салтанат Байқошқарова «Пробиркадан» шыққан тұңғыш баланың «авторы» және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Ол ата-ана болуға дайындалып жүргендерге коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді. Бұл туралы дәрігер «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

«Егер әйел жүктілік кезінде COVID-19 ауруын жұқтырса, қауіпті асқынулар туындайды», деді Салтанат Байқошқарова.

Репродуктология мен эмбриология саласындағы танымал көшбасшы маман вакцина әйелді де, ер адамды да бедеулікке әкелмейді деп сендіреді. Сондай-ақ, маман КВИ вакцинасынан кейін ЭКО бағдарламасынан бас тарту жалған екенін айтты.

«Коронавирус вакцинасынан кейін ешкім ЭКО-дан бас тартпайды. Вакцинаның екінші дозасын алып бір айдан кейін жүктілікті жоспарлап, ЭКО бағдарламасына баруға болады», деді С. Байқошқарова.

Сонымен қатар дәрігер вакцина адамның репродуктивті жүйесіне әсер етпейтінін айтты.

«Керісінше вакцина алған адамда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады сондықтан жүктілікті жоспарлауға болады. Вакцина ерлерді де, әйелдерді де бедеулікке әкелмейді. Біз науқастарға алдымен вакцина алуды, бір-екі айдан кейін жүктілікті жоспарлауды ұсынамыз», деді С. Байқошқарова.

Оның айтуынша, егер әйел табиғи жолмен немесе ЭКО-мен жүкті болып, ауру жұқтырса жүктілік кезінде асқынулар болады.

«Әрине, қайғылы жағдай болғанын қаламайтынымыз анық, сондықтан вакцина алу маңызды», деді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар

Туристке де тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 18:06

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Елімізде 5,5 млн адам вакцина салдырды

Коронавирус • Бүгін, 09:20

Ұқсас жаңалықтар