Аймақтар • 12 Маусым, 2021

Алматыда індет жұқтырғандар азайып келеді

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы 12 маусымға арналған вакцинация барысы мен коронавирустық инфекцияның таралуы жөніндегі ақпарат төмендегідей.

Алматыда індет жұқтырғандар азайып келеді

Алматыда 2021 жылдың 11 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 124 жаңа жағдайы тіркелді, оның 101 симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар саны – 131, келіп түскені – 77. Барлық инфекциялық стационарларда (2 530 төсек-орын) 802 адам (оның ішінде 41 балалар) науқас емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 76 бар. ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 28, High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 1 117 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 908, симптомсыз 209 науқас бар.

Соңғы тәулікте Алматы қаласында 4 594 адам вакцинация алды. Биылғы 1 ақпаннан бері 334 265 адам вакцинацияланды. Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер 32 150 адамды құрайды. 2021 жылдың 10 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қытайлық «Sinovac Biotech» компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасының жалпы саны 46 000 дозасы (1 және 2 компонент) жеткізілді.

«Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Қала бойынша вакцинаның қалдығы – бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар», деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.