Қазақстан • 13 Маусым, 2021

Ғалымдарға арналған тағылымдама талаптары

768 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Енді елімізде жыл сайын 500 ғалым дүние жүзіндегі еңмықты ғылыми ұйымдарда тәжірибе жинайды. Мұндай мүмкіндік отандық зерттеушілеріміз үшінғылымның шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретініанық. Осы ретте үміткерлерді тағылымдаматалаптарымен хабардар етуді жөн көріп отырмыз.

Ғалымдарға арналған тағылымдама талаптары

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі халыққа Жолда­уында Үкіметке жыл сайын 500 ғалымды әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарынатағылымдамадан өтуге жіберуді тапсырған еді. Білім жәнеғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен аптадағыхалыққа есеп беру кездесуінде:

Ғылым саласында қолға алынған маңызды бастаманыңбіріғалымдарға арналған та­ғылымдама. Осы бастаманы«Болашақ» халықаралық бағ­дарламалар орталығы іскеасырады Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жыл­ғы 15 сәуірде Шетелде кадр­ларды даярлауреспубликалық ко­миссиясының шешімімен «Бо­лашақ» бағдарламасының шең­берінде 2021 жылға тағылым­даманың«Ғалымдар» санаты бекітілді, – деп мәлімдеді.

Енді іріктеу қалай жүргізіл­мек? Ең маңыздысыүміткерлерге қан­дай талаптар қойылады? Бұл сұраққа«Болашақ» халықара­лық бағдарламалар орталығы­ныңпрезиденті Айнұр Кәрібозова:

– Президент тапсырмасы нор­мативтік тұрғыдан 2021 жы­лы пилоттық форматта «Бо­ла­шақ» бағдарламасының тағы­лымдамасы шеңберінде 2020 жылғы 6 мамырда Үкімет қау­лы­сымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясынаүміткерлерді іріктеу ережесі­нің негізінде жүзеге асырылады. Биыл бұл ережеге нақты осы тағылымдама санаты бойыншақосымша толықтыру-өзгерістер енгізу көзделген. Сөйтіп жо­ғарыда министр айтқандай, ға­лымдарға арналған жаңа санатенгізілді. Осы санатпен қатар 2021 жылғы конкурстықіріктеу­ге тағылымдаманың педагогика­лық қызметкерлер, денсаулық сақ­тау саласының қызметкерлері, инженерлік-техникалық қыз­меткерлер және мемлекеттік қыз­­меткерлерсанаттары бекітіл­ді. Ал үміткерлерге қойыла­тын бастыталаптар қатарында «Бо­лашақ» бағдарламасының шең­берінде 2021 жылға бекітілген Ба­сымды мамандықтартізімін­дегі мамандық бойынша әлем­нің жетекші ғылыми-зерттеу ор­талықтары және «Болашақ» бағ­дарламасыныңшеңберінде оқуға ұсынылған ЖОО жа­нын­дағы ғылымиорталық-зертханаларға тағылымдамаға шарт­сыз негіздешақыру хатын, мем­лекеттік тілді игеру деңгейі КазТесттіңкемінде B1 сертифика­тын ұсыну, ең аз дегенде 3 жылдықеңбек өтілінің болу талабы бар және соңғы 12 айытағылымдама бағытына сәй­кес келуі тиіс, – деп жауап берді.

Орталық басшысының бізге берген жауабына сүйенсек, «Ға­лымдар» санатына үміткерлер Қазақстанда ғылыми-зерттеу жүр­­гізіп жатқан азаматтар болуы керек. Тағылымдамаға үміткер­лер конкурстық іріктеуден сәтті өтіп, стипендия иегері атанған жағ­дайда тағылымдамаға жұ­мысберушісі жолдап, жұ­мыс орны сақталады екен. Айтпақ­шы, барлық іріктеуден сәтті өтіп, тағылымдамаға аттанатын ға­лым­дар, кепілдік шартының нысаны ретінде жылжымай­тынмүлік ұсынуға міндетті емес. Бар болғаны кепілдігер ретіндеталапқа сәйкес екі жеке тұлғаны ұсынса жеткілікті.

Ғылым комитетінің басшы­сы Жанна Құрманғалиева та­ғы­лымдамаға қатысты жазған әлеу­меттік желідегі жазбасындааталған санатқа құжаттар қабыл­даудың 4 мамырданбасталға­нын жеткізді.

Тағылымдаманы іске асы­руға бюджеттен қажетті қара­жат бөлінді. Құжаттарды қабылдау биылғы 4 мамырданбасталды, конкурс 2021 жылдың 28 қазаны­на дейінжалғасады. Қабылдау және үміткерлерді іріктеу процесітолығымен автоматтандырыл­ған. Іріктеу туры кешенді тес­тілеуден, тәуелсіз сарапшылық ко­­миссияның мүшесіменжеке сұх­баттан, құжаттардың шетелдерде кадрлардыдаярлау бойын­ша республикалық комиссия­ның отырысындақаралуынан тұрады. Құжаттар www.e.gov.kz порталы арқылы қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін келесі­дейқұжаттар пакетін ұсынуы тиіс: жеке куәлік және төлқұжат; ме­дициналық анықтама; әлемде­гі жетекші ғылымиорталықтың сөзсіз шақыруының болуы; тағы­лымдамабағдарламасы; жұмыс берушінің өтініші; қосымшасы бар бакалавр немесе маман дип­ломы; еңбек қызметін растайтынқұжаттар, – деді комитет өкілі.