Білім • 14 Маусым, 2021

Халықаралық жарыста жүлделі болды

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан олжалы оралды. Олар физика пәні бойынша халықаралық сайыста бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа әлемнің 22 елінен командалар қатысты.

Халықаралық жарыста жүлделі болды

Нұр-Сұлтан, Павлодар және Та­раз қалаларындағы мектептер мен ли­цейлердің 8 оқушысы білім бәй­ге­сінде еліміздің намысын қорғады.

Білім және ғылым министрі Ас­хат Аймағамбетов өзінің Face­book парақшасында озат оқу­шы­лар­­­ды жеңісімен құттықтады. Ми­нистр жүлдегерлерге жаңа биік­тер­ді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

– Жақында оқушылар арасын­дағы республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Оған еліміздің 1 500-ден аса дарынды оқушысы қатысты. Бұл – мұғалімдердің, балалар мен ата-аналардың орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз бала­лары­­мыздың жеңістері мен жетіс­тік­терге жетудегі ата-аналардың рөлін сирек атап өтеміз. Алайда іс жүзінде ата-ана қолдауымен оқушы айтарлықтай жетістіктерге жетіп жатады. Сондықтан біз респуб­ликалық олимпиадаға қатысқан 1 500 оқушының ата-аналарына алғыс хат жолдадық. Айтпақшы, оқу­шы­ларымыз халықаралық дең­ге­йдегі жетістіктерімен де қуан­тып жатыр. Қазақстандық оқу­шыл­ар Азия олимпиадасында бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Қатысушыларды жеңі­стерімен құттықтаймын! Жеткін­шек­тері­міз болашақта биік белес­тер­ді бағындырады деген сенім бар. Осы ретте тәлімгер ұстаздарға шәкірт­терінің көрсеткен жақсы нәтижелері мен қосқан үлестері үшін алғыс айтамын, – деді А.Аймағамбетов.

Жарысқа қатысқан оқушыларды тәжірибелі педагогтер дайындады. Солардың бірі Сүлеймен Демирел университетінің PhD докторы, профессор Самат Мақсұтұлы бұл олимпиаданың басқа жарыстардан ерекше өткенін жеткізді.

– Жалпы жарыс онлайн форматта өтті. Алдыңғы жылы Тай­ванда офлайн форматта өтуі керек еді. Бірақ карантинге бай­ланыс­ты өзгертіліп, шегерілді. Оқу­­­шы­лар­ды жетістіктеріне қарап, бұрын жа­рыс­тарға қатысып, жүл­делі орын­дарды иеленген үздік­терін таң­дап алдық. Бұл Азия­лық олим­пиада болғандықтан, кіл мық­тылар қатысады. Қытай, Син­гапур, Тайван мемлекетінен көптеген оқушы бақ сынады. Біздің де жарысқа қатысқан барлық оқушыларымыз мықты болды. Олар команда құрамында емес, әрқайсысы жеке-жеке өз есептерін шығарып, қатысты. Нәтижесінде қатысушылардың біреуі алтын медальға, үшеуі қола жүлдеге және екеуі марапатқа ие болды, – деді С.Мақсұтұлы.

Жаттықтырушы-мұғалімнің ай­туынша, бұл халықаралық дең­­гейдегі дода болғандықтан ағыл­­шын тілінде өтті. Бірақ тіл­­ден қиын­дықтар болмаған. Себебі тапсыр­малардың бәрі – есеп. Ара­сында сөйлем арқылы беріл­ген шартты есептер болғанда, оқушы­ларға мұғалімдер көмектескен.

– Жыл сайын өтетін физика-математика олимпиадалары бар. Ал соның ең тартыстысы – Азиялық олимпиада. Енді Азия елдері ғана емес, өзге де құр­лық­тағы мықты мемлекеттер қаты­сатын жарысты күтіп, да­йын­­­далып жатырмыз. Оған осы олим­­­пиадаға қатысқан 8 баланың іші­нен 5 оқушыны таңдап аламыз, – деді педагог С.Мақсұтұлы.

 

Нұрбибі ҚАДЫР,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті