Білім • 14 Маусым, 2021

Студент министрге ұсыныс айтты

5661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білімге ұмтылған жастар көп. «ШҚТУ – аймақтың тірек университеті» атты Баспасөз конференциясында ректор Жасұлан Шаймардановпен қатар университеттің Жоғарғы Жастар Парламенті төрағасы Алина Косаченко қатысып, өз ұсынысын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізу мақсатында дебаттық марафон ұйымдастыру туралы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Студент министрге ұсыныс айтты

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттер білім алып қана қоймай, өздерін жан-жақты дамытып келеді. Ол үшін оларға барлық жағдай жасалған. Басқарушылық қасиеттерін, шығармашылық, спорттық дағдыларды дамытуға мүмкіндік зор. Университет қабырғасында көптеген үйірмелер, шығармашылық топтар жұмыс істейді.  Қоғам проблемаларына бейжай қарай алмайтын студенттер университеттің еріктілер қатарына қосылып, қайырымды істермен де айналысуға болады.

Баса айта кетерлігі, студенттер көшбасшылық қаситтерін «Еркін Сөз» және «Freedom» дебаттық клубтарда жетілдіріп, облыстық турнирлерде топ жарып жүр.