Қазақстан • 14 Маусым, 2021

9 өңірде 39 жаңа су қоймасы салынады

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд м3 болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Биыл Түркістан облысындағы Кеңсай-Қосқорған су қоймасының құрылысы аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 өңірде 39 жаңа су қоймасы салынады

«Су қоймаларын салу 70 елді мекен (137 мың адам) үшін су тасқыны қаупін азайтуға, 394 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділікті алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл 30%-ға дейін - Қырғызстан, 25%-ға дейін - Өзбекстан, 15%-ға дейін - Ресей Федерациясына тәуелділікті төмендетеді», деді М.Мырзағалиев.

Суды есепке алу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында былтыр Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ұзындығы он екі км «К-19» магистралды каналын цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Каналды цифрландырудың арқасында су суару нормалардан 45 пайызға көп жұмсалатыны анықталды. Биыл он алты арна цифрландырылады. Таяудағы бес жыл ішінде ұзындығы 2,8 мың км-ден асатын жүз он тоғыз арнаны цифрландыру жоспарда бар.

«Ауыз суды елді мекендерге жеткізу бөлігінде былтыр топтық су құбырлары құрылысының он төрт  жобасы іске асырылды, олардың үшеуі аяқталды. Нәтижесінде үш жүз қырық үш км желі салынды. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 124,5 мың халқы бар 15 елді мекен мен бір қаланы сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсарды. Биыл ұзындығы 845 км болатын сегіз жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының 203 мың тұрғыны бар 61 елді мекен үшін сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп жақсартылады. Екі жыл ішінде 10 ұзақ жылдарға созылған құрылыстың бесеуін тапсырдық. Биыл тағы үшеуін аяқтаймыз және келесі жылы қалған екеуін тапсыру жоспарланған», деді министр.