Президент • 14 Маусым, 2021

Президент Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады

– Қазіргі уақытта Израиль әлемдік деңгейде экономикасы қарқынды дамыған, үздік инновациялық технологиясы арқылы халқының әл-ауқатын арттырған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Осы ретте еліңіздің жетістіктері мен мерейін әрі қарай еселеуге бағытталған Сіздің бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың толық та табысты жүзеге асуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израиль арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді байланыстарды дәстүрлі достық пен өзара сенім рухында нығайтуды ортақ мақсат деп санайды. Сондай-ақ осы игілікті жолда күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің жауапты қызметіне мол табыс пен сәттілік, ал достас Израиль халқына бақ-береке тіледі.