«Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 2 тұрғынды эвакуациялады. 10 азамат сол жерден өз бетімен шығып үлгірген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақап атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді», деп хабарлады ведомство өкілдері.
Белгілі болғандай, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен 8 шаршы метрді құраған. Алдын ала мәлімет бойынша үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Комиссия мүшелері жұмыс жүргізуде.