Мәселен, өңірде Кентау шаһарынан Түркістан қаласына барар 24 шақырым жол реконструкцияланбақ. Бұдан бөлек, жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша тағы 38 жоба қамтылған.
Жыл қорытындысы бойынша жолшылар 326,7 шақырым жолды пайдалануға береді. Осылайша, 2021 жылдың соңына қарай жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайының үлесі 87%-ды құрайтын болады.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 725 км құрайды, оның 100%-ы нормативтік жағдайда.