Оқиға • 15 Маусым, 2021

Мас күйінде балконнан түспек болған ер адам қайтыс болды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда балконнан түспек болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мас күйінде балконнан түспек болған ер адам қайтыс болды

46 жастағы ер адам үшінші қабатта орналасқан балконнан түсуге тырысып жатқанда жерге құлаған.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21.30-да Энергетиктер көшесіндегі пәтерден ер адам мас күйінде ақжайманың көмегімен төмен түсуге тырысқан.

«Ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жатқызылып, сағат 01.00-де көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады департаменттен.