Спорт • 15 Маусым, 2021

Данияр Елеусінов әлемнің үздік боксшысы атанды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық боксшы Айкем Шемур қазақстандық былғары қолғап шебері Данияр Елеусіновтің өнерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz  prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Данияр Елеусінов әлемнің үздік боксшысы атанды

«Дәл қазіргі сәтте әлемнің үздік боксшысы деп Данияр Елеусіновті айтар едім. Ол Олимпиада чемпионы, болашақта одан да мықты деңгейге көтеріледі. Даниярды спаррингте көрдім. Мықты жұдырықтасады. Олимпиада чемпионының жасаған еңбегін көріп, әрі қарай жұмыс істеуге мотивация алдым», деді Айкем Шемур.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегінде намибиялық Джулиус Индонгоны жеңді.