Футбол • 15 Маусым, 2021

UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 маусымда Мюнхенде UEFA EURO 2020 чемпионаты аясында Франция-Германия құрамалары кездеседі. Биыл бұл құрамалар Португалия және Венгриямен бір топқа түсіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

UEFA EURO 2020: Бүгін Франция-Германия құрамалары кездеседі

Француздар EURO 2020 додасының басты фавориті саналады. Ал 2014 жылғы Әлем біріншілігінің жеңімпазы Германия құрамасы да бас жүлдеден үміткерлердің қатарында.

16-шы Еуропа біріншілігі 2021 жылдың 11 маусым - 11 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, Франция-Германия матчы сағат 00:50-де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.