Оқиға • 16 Маусым, 2021

143 миллион теңге жымқырған директордың ісі сотқа жіберілді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда «Марасант» ЖШС директоры Аманжол Қонеев қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айыпталуда, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.

143 миллион теңге жымқырған директордың ісі сотқа жіберілді

Өткен жылдың қараша айында Оралда «Марасант» ЖШС құрылыс фирмасының директоры Аманжол Қонеев тұтқынға алынған. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысына бөлінген 143 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырып, 1,5 миллиард теңгеден астам сомада салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінді.

Айта кетейік, «Марасант» ЖШС компаниясы 2019 жылдың 15 шілдесінде Молдағұлова көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізуді бастаған. Өткен жылдың қараша айында жөнделген жолдың сапасы төмен деңгейде екені белгілі болды. Нысан әлі де тапсырылмаған, аяқталмаған жұмыстар да жеткілікті. Бірақ жол қала тұрғындарының жүруі үшін ашық. Осы жылдың 6 наурызында БҚО әкімі мердігерден аталмыш көше жолындағы заң бұзушылықтардың жойылуын талап еткен.

Жеті айдан кейін Аманжол Қонеевқа қатысты қылмыстық іс Орал қалалық сотына берілді. Енді ол ҚР ҚК 195 «Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру» және ҚР ҚК 245 «Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару» баптарында көзделген қылмыстар бойынша айыпталуда.

 

Ботагөз Амалбек

Соңғы жаңалықтар