Медицина қызметкерлерін маусымның үшінші жексенбісінде құттықтау дәстүрге айналды. Бұл ресми кәсіби мереке.
Бірақ басқаларды құтқару үшін мамандық таңдаған адамдар туралы мүмкіндігінше жиі айту керек. Бүгінгі сұхбатта біз сіздерді медициналық авиацияның мобильдік бригадасының жоғары санатты дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі, өзісінің маманы, Полищук Наталья Борисовнамен таныстырғымыз келеді.
- Қайырлы күн, Наталья Борисовна, өзіңіз туралы айтып беріңізші?
- Мен Ресейде, Коми Республикасының астанасы, солтүстік қала Сыктывкарда дүниеге келдім. Бала кезімнен әрдайым мұқтажадамдарға көмектестім, сондықтан менің туыстарымның ешқайсысында дәрігер болатыныма күмән болмады. Мамандық таңдау туралы мәселе болған жоқ - мен сүйікті ісіммен айналысқым келді және еңбек етуге, жаңа нәрсеге үйренуге үлкен құштарлық болды. Талдықорған қаласындағы мектепті бітіріп, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түстім.
Интернатураны жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бойынша аяқтадым. Өзімнің еңбек жолымды 2002 жылы Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем станциясындағы кардио бригаданың дәрігері ретінде бастадым. Ол жерде 13 жыл жұмыс істедім. Кейін, республикалық санитарлық авиация орталығының Алматыдағы өкілдігі ашылғаннан кейін, өзінің еңбек қызметінің жаңа бағыты туралы ойлана бастадым және медициналық авиация қызметкерлерінің қатарына өттім.
- Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы құрамындағы алғашқы ұшуыңыз есіңізде сақталды ма?
- Әрине, бригада құрамындағы өзімнің алғашқы ұшуым Шымкент қаласына жүзеге асырды, онда бізді республикалық клиникаға тасымалдау қажет болатын жаңа туған бала күтіп тұрды. Басында бұл менің медавиация бригадасының құрамындағы алғашқы рейсім екенін түсініп, мен қатты уайымдадым, бірақ кейін өзімді қолға алдым. Барлығы сәтті өтті.
Біз жүзеге асыратын әрбір жағдай тәуекелмен, толқумен байланысты. Ең бастысы-физикалық және психологиялық тұрғыдан дайын, теңгерімді болу.
- Сізде жетістікке жетудің жеке рецепті бар ма? Ол туралы айтып беріңізші.
- Жұмыста-уақытылы медициналық көмек көрсету, отбасында-өзара түсіністік, жақсы қарым-қатынас. Ұл тәрбиелеп отырып, қазіргі жастардың – оның достары менің мамандығыма өте құрметпен қарайтынын түсіну көңілге өте жағымды.
- Дәрігер болу-бұл жұмыспа, әлде кәсіп пе?
- Мен үшін дәрігер – бұл сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс емес, өмір салты болып табылады. Сіз адамдарға тек жұмыс орнында ғана емес, кез – келген жағдайда көмектесуіңіз керек екенін түсінуіңіз керек. Мен ешқашан көмекке мұқтаж адамның жанынанжәй өте алмаймын, оның жағдайын жеңілдету үшін адамға көп нәрсе жасау мен үшін қиын емес. Жанашырлық көрсете отырып, сіз пациентке көмектесесіз. Меніңше, бұл ең бастысы. Біз медицинаға келгенде саналы түрде таңдаужасадық.
Дәрігер пациент үшін үлгі болуы керек. Ол сауатты психолог болуы керек, тек емдеп қана қоймай, сонымен бірге жұбата білуі керек, пациентке жағымды қуат беріп, оны қалпына келтіруге бейімдеуіміз керек.
- Сіздің ойыңызша, қазіргі жағдайда медициналық авиацияны қандай даму перспективалары күтуде?
- Біздің қызметімізді өзгерістер күтіп тұрғанына және жақсы жағына болатынына сенеміз. Елдің үлкен аумағын ескере отырып, медициналық авиацияның көмегі мен пациентті медициналық мекемеге тасымалдау әлде қайда оңай. Дәрігерлер арасында бар «алтын сағат» ережесіне сәйкес, осы уақыт аралығында көрсетілген көмек құтқаруға жоғары мүмкіндік береді.
Еліміздің әрбір ірі клиникасында шетелдердегідей шатырларда орналасқан тікұшақ алаңдары жабдықталғанын қалаймыз.
- Сізде қандай да бір ырым, белгілеріңіз бар ма?
- Мен ешқашан «Д» картасын соңына дейін толтырмаймын. Көптеген жағдайларда біздің пациенттер – ауыр халдегі адамдар. Ұшу кезінде пациенттің жай-күйі күрт өзгеруі мүмкін, мұнда сіз оны тұрақтандыру үшін тек өз күштеріңіз бен дағдыларыңызға сүйенуіңіз керек. Стационарда және ауада медициналық көмек көрсетуде айырмашылықтар бар.
- Сіз бақытты адамсыз ба? Сізді не қуантады?
- Ия, мен бақытты адаммын. Бақыт – бұл сені қоршап сенің сүйікті адамдардың денсаулығының жақсы болуы, өз-өзімен үйлесімдікте болуың!
Мен бір орында тұрмаймын - дамимын, жаңа көкжиектерді игеремін, жақында қайта даярлаудан өтіп, «кардиология» мамандығы бойынша сертификат алдым. Кәсіби мамандармен қарым-қатынас жасау да үлкен қанағат әкеледі. Мен үй жануарларын өте жақсы көремін, менің үйімде Бесси мысығым тұрады. Мен фитнеске назар аударамын, оның сабақтары көңілді және белсенді сезінуге мүмкіндік береді. Көптеген ұмытылмас тәжірибелерсаяхаттауға мүмкіндік береді. Өмір осындай жұмбақтардан тұрады, сондықтан бақыт біздің қолымызда, оны көре білуіміз керек.
- Кәсіби тұрғыдақалай өсесіз?
- Біз әріптестерімізбен бірге кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету бойынша біліктілікті тұрақты негізде арттырамыз: медициналық манипуляциялар техникасын пысықтаймыз, кезек күттірмейтін жағдайларда бара-бара әрекететуге үйренеміз. Біз медициналық жабдықтардың көрмелеріне барамыз, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, ересектер мен балалар кардиологиясы бойынша құралдарды, медициналық көмек хаттамаларын, өкпені жасанды желдету бойынша құралдарды, зертханалық көрсеткіштерді қалыпқа келтіру бойынша әдістемелік ұсыныстардыжәне т. б. оқимыз.
- Сіздің мамандығыңыз әлемге деген көзқарасыңызды өзгертті ме?
- Күн сайын адамдарға қаншалықты қиын болатынын көріп, мен отбасым мен достарымды қатты бағалай бастадым. Өз ұжымымды өте жақсы көремін. Мұнда өз саласының мамандары жұмыс істейді. Медавиация – менің екінші үйім, дәлірек айтсақ, бірінш іүйім.
Осы жылдар ішінде маған жақын дос болып кеткен әріптестерімнің барына өте бақыттымын. Осылайша, біз Рябинина Елена, Ушакова Светланамен бірге жедел жәрдемде 13 жыл жұмыс істедік, медициналық авиацияға бірге келдік және бүгінгі күнге дейін дос болып келеміз. Біз бірге бір тұтастаймыз: бір-бірімізге қонаққа барамыз.
– Сіз өзіңіздің кәсіби мерекеңізді қалай атап өтесіз?
- Кейде ауысым болған кезде, жұмыста. Әріптестеріңізден, достарыңыздан, жақын адамдарыңыздан жылы сөздерді есту өте жағымды. Осындай сәттер үшін өмір сүруге және жұмыс істеуге тұрарлық!
- Оқырмандарға деген тілектеріңіз?
- Жақсы көңіл-күй, саламатты өмір салты денсаулық пен ұзақ өмір сүруге әкелетінін айтқым келеді, оптимистер аз ауырады және тез қалпына келеді. Дәрігердің бақыты мен жоғары бағасы – оның сау пациенттері. Аман-сау болыңыз!
-Сұхбатыңыз үшін рақмет!
Ешкім қиындық туындаған кезде, жақындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде, біз ең алдымен дәрігерлерге жүгінеміз деп дау айта алмайды. Медицина қызметкерінің еңбегі терең білімді, қайырымдылықты ғана емес, сонымен қатар көп шыдамдылықты, моральдық және физикалық күшті талап етеді. Мұндай жұмыс үшін төлем баға жетпес: құтқарылған өмір, отандастарының денсаулығы, адамдардың шынайы алғысы. Келе жатқан мерекемен, Құрметті медицина қызметкерлері, келе жатқан мерекелеріңізбен!