Ұлы даланы мыңдаған жыл мекен еткен қазақ ұлысы өзінің тарих жолын сайын сахара төсіндегі тас бітіктерге ғана таңбалаған жоқ, ескі жыр-дастандар мен күй шежірелерге де аңыз астарлап, ұлт рухын бұзбай бүгінге жеткізді. Солардың ішінде күн түбіне жортқан көшпелі жұрттың баға жетпес байлығы – көне күйлері біздің сарқылмас қазынамыз десек болады.

Тереңіне үңілген адамға қазақтың күрделі күйлері жай ғана ырғаққа құрылған сылдыр саз емес, ықылым заманнан келешекке кетер керемет баян, құнары бұзылмас құндылық екенін біз әрқашан мақтанышпен айтуымыз керек.
Түсінгенге қарағай қобыздан төгілген қайнар-қайнар күйлер, қызыл арша домбыраның шанағынан шартарапқа тараған асқақ әндер бағзыны бүгінге жалғап, тарихи сабақтастықты үзбей келе жатқан біздің рухани ішкі тірегіміз екені даусыз.
Қарапайым ғана Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұртын» тыңдап көрелікші. Көне түркілік сарыннан Алаш баласының арқасын қоздырар, аруағын шақыртар айбатты рух есіп, балпаң асып шыға келесің! Әрине, бұл жерде ақынның бұрындап бастап, көксерек найзасы көктегі бұлтты сыпырар дуалы сөздері шығарманың осыншалық қуатын арттырып тұрғаны даусыз. Дегенмен қатпар-қатпар тарихтың қойнауынан қазылып алынған осынау саф дүниенің сарайын ашқан ұлы саздың да ерекше сыры барын ұмытпауымыз керек.
Бұл көне жосықты, яғни бағзы жырлардың қуатын көне күйдің сиқырымен сәйкестендіру арғы тарихтан бертінге Алаштың ауызша тарихы – Ақаңдардың, Ақселеу Сейдімбектің сабақтастыруымен жеткенін білеміз.
Оны дабысы бөлек, шабысы тұйғын Жәнібек Кәрменовтердің репертуарына қосу, сол арқылы бүкіл қазақтың қан тамырындағы ұлттық рухқа жан бітіру – нағыз рухани жаңғырудың түп қайнарындай еді. Ал енді сол аманат алтын арқауды келешекке кемелдендіріп ұзатқан өнерпаз ретінде біз Бекболат Тілеуханды атар едік.
Байырғы тарихты байытып болашақ зердесіне сіңіруде Бекболат қобызының, домбырасының арқалар жүгі ауыр да жауапты жүк еді. Бір ғана Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінеген» атайы жыры Сүгірдің «Ыңғайтөкпесімен» ырғақтаса, барлық хандық дәуір әдебиетінің алтын қазыналы рухын оятты.
Сол дәстүрлі өнерді дәріптеуші Бекболат бір сұхбатында жазушы Әбіш ағасына жолығып қалғанын әңгімелеп келіп: «Анау Ақтамбердіден бері қарай тоқтап қалдыңдар. Қазтуған қайда? Доспамбет неге дәріптелмейді солай? Шалкиізді неге шалқытпайсыңдар?» дегенін айтады. Оның алдында ма екен, бәлкім, кейін жазушы Мұхтар Мағауин Б.Тілеуханның тыңнан түрен салған таңғажайып кеші туралы «Ғасыр концерті» деп мақала жазыпты.
Қос классиктің қолпашы өзі де буырқанып тұрған Бекболатты «Ыңғайтөкпенің» ығында қал-
дырып қойдырмайтындай еді. Сәтті симбиоз кейін қалғып кеткен Қазтуған жырын оятқан Қазанғаптың «Көкілі» болады. Оны оятушы һәм орындаушы Ұлы даланың ұранындай отты жырдың тарихын былай деп еске алады.
«Сәдуақас Балмағамбетов дейтін ағам болды. Ескінің көзі, Қазанғаптың дәстүрін жалғаушы шын өнер иесі еді. Сабақ берісі де бөлек. Нотаға шұқшиып отырмайды, күйді үсті-үстіне тартып-тартып кетіп қалады. Сол күйдің лебімен жүріп ынтығың өзі оянады. Еміндіріп тартады, қызықтырып үйретеді. Сондай күндердің бірінде есімнен ешқашан кетпейтіндей етіп көкейге түскен «Көкілді» тартты. Ол кісі домбыра тартқанда күй қайда, күйші қайда, екеуі тұтас әлемге айналып санаңды сазға орайды». Сол «Көкіл» булығып тұрған көкейге әбден түскен әлдебір күні Қазтуғанның жырына жата кетіпті.
Жиырмасыншы ғасырдың жылауық сарыны шынымен де шамырқанған рухты Шалкиіздің табиғатын аша алмайтыны сияқты, ескі жырларды көне күйлермен қабыстырғанда ғана тарихқа тіл бітеді екен. Замандары ғана емес, жанрлары да жақын болғандықтан болар, көзіміз жеткендей көне көмбені «Көкіл» ғана ашып отыр.
Айтпағымыз, бабадан балаға мирас асыл қазыналарымызды, әсіресе ескі жырларымызды осындай көне күйлерге телу арқылы телегей-теңіз саз бен сөз ұлттық жадымызды жаңғыртып, тарихи санамызды тағы бірнеше ғасырға тереңдете түсер едік-ау!
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар