Экзоскелет дегеніміз – қолданушының физикалық мүмкіндіктерін толықтыруға арналған мобильді, тасымалды, роботтандырылып, электрлендірілген немесе механикаландырылған қаңқа. Ол адамның денесіне киіледі, қатты әрі жеңіл материалдан жасалған.
Ерекше костюмнің жөндеу цехтарындағы сынақтан өтуі тегін емес. Өйткені бұл учаскедегі жұмыстар көбіне қол еңбегімен атқарылады. Мұндай қимыл-қозғалыстар жұмыс барысында адамды тез шаршатады. Қызметкердің зейіні төмендейді. Экзоскелеттерді қолдану тірек-қимыл аппаратына салмақ салмай, нәтижесінде зауыт жұмысшыларының денсаулығына оң әсер етеді деп күтілуде.
Экзоскелет инновациялық жеңіл материалдан жасалған қаптамадан тұрады. Салмағы небәрі – 2 килограмм. Қолдануға өте ыңғайлы.
– Костюмді бір минуттың ішінде жылдам киюге болады. Киіп тұрғанда альпинистік құрал-саймандар еске түседі. Негізгі қаңқаны аяқтар мен қолдардағы тіреулермен байланыстыратын икемді тартқыштар қолдың иіліп, жазылуын сәл қиындатады. Дегенмен, айтарлықтай пайдасы бар. Жалпы, экзоскелетте кез келген тиеу-түсіру операцияларын орындау қиындық тудырмайды, – дейді электргазбен дәнекерлеуші Александр Волков.
Магнитогорскіде шығатын ресейлік «EXORISE» компаниясының экзоскелеті адамның омыртқасына түсетін жүктемені 35 пайызға дейін төмендетеді. Сондай-ақ дұрыс қалып пен жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
– Қызметкерлеріміздің физикалық белсенділігін мүмкіндігінше жеңілдетуге тырысамыз. Бүгінде экзоскелеттің еңбекті қорғау нарығындағы болашағы зор. Бұл денсаулықты қорғауда айтарлықтай маңызға ие. Сондықтан экзоскелеттерді сынақ алаңында қолданудың оң тәжірибесін алғаннан кейін, оны басқа өндіріс орындарына енгізу мүмкіндігін қарастырамыз, – деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Валентин Чихичин.
Механикалық жөндеу цехтары блогының басқа учаскелерінде экзоскелетті қолдану туралы оң пікір айтылған жағдайда, мұндай жабдықты басқа да құрылымдарға сатып алу жағы қарастырылады.