Рухани Иран президенті лауазымынан кеткенге дейін Иранға қарсы санкциялар жойылатынына үміттенеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Иран билігі басқа елдерден кем дегенде 50-60 миллиард доллар көлемінде несие алып, инвестицияға бағыттағанымен, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың санкциялары бұл бастамаға тосқауыл қойды.
«Венада ядролық келісім бойынша келіссөздер жалғасуда. Санкциялар мәселесі бойынша біз соңғы сатыда тұрмыз. Бұл сөздің қаншалықты тиімсіз екенін білемін. Біз санкциялардың күшін жою туралы бәрібір келісімге келуіміз керек. Қазіргі үкіметтің мерзімі аяқталғанға дейін санкциялар жойылады деп үміттенеміз», деді Рухани.