Жастар кеңесі пандемия жағдайларын ескере отырып, онлайн форматта және Қазақстанның АӨСШК-ке төрағалығы шеңберінде өтті.
АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай қатысушыларға бейне сәлемдеме жолдады.
Отырыс жұмысына 25 елдің, соның ішінде Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Иран, Катар, Әзірбайжан және басқа да елдердің өкілдері қатысты.
Талқылау барысында 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Барлығы үшін үздік және неғұрлымтұрақты болашаққа қол жеткізу жоспары» ретіндеәзірлеген БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу туралы мәселе көтерілді. Қатысушылар жаңа сын-тегеуріндер және қауіптермен күрестегі, атап айтқанда экология саласындағы жастардың тәжірибесі мен рөлітуралы айтып берді.
АӨСШК Жастар Кеңесі отырысының төрағасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойы аясында әлемді ағымдағы, соның ішінде жастар мәселелері бойынша сын-қатерлерді еңсеру үшін күш-жігерді біріктіруге шақырғанын атап өтті.
Сонымен, Асхат Оралов АӨСШК Жастар кеңесінің қатысушыларын Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында айтқан еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.
А.Оралов: «Қазақстан өз кезегінде өткен жылда «Волонтерлер жылы» ұранымен өткен тәжірибесімен бөлісуге дайын».
Жаһандық экологиялық проблемалардың өзектілігін назарға ала отырып, қазақстандық тарап2021-2022 жылдары АӨСШК елдерінің жастарын тарта отырып, «Таза планета» бірлескен экологиялық акциясын өткізуді ұсынды. «Бұл акция АӨСШК-ке қатысушы елдерде экологиялық мәдениетті арттыру ісінде тұрақты дамуына түрткіболуы мүмкін», деді А.Оралов.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК-тің жастар ұйымдарымен диалог пен серіктестік қатынастарын жандандыруға, сондай-ақжас мамандардың әлеуметтік, экологиялық және мәдени салаларға қатысуын қолдауға келісті.
Жалпы, қатысушы делегаттар талқыланған мәселелер АӨСШК елдерінде жастар саясатын ілгерілету үшін өзара қызығушылық тудыратыны туралы бірауыздан келісті.