Руханият • 19 Маусым, 2021

Сотталған қыз сәнгер болуды армандайды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Темір тордың арғы жағындағы техникалық колледждің студенттері мемлекеттік емтихан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталған қыз сәнгер болуды армандайды

Қашықтықтан оқуға қарамастан, колледж бағдарламасын сотталған әйелдер ойдағыдай игерді. Алдағы уақытта оларға оқыған мамандықтарына қарай диплом табысталады.

– Сотталғандардың оқуға және жұмыс істеуге деген ұмтылысы түзелуіне сеп болады. Бостандыққа шыққан соң да жұмыс істеуге жаңа мүмкіндік ашылады, – дейді тәрбие ісі жөніндегі ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет майоры Анара Сабиева.

Сотталған Олеся түзеу мекемесінде өмірде жіберген қателіктерін түсінгенін, түйсінгенін айтады. Бостандыққа шыққан соң жүзеге асыратын өзінің жоспарлары да бар.

Өкінішке орай, темір тордың ішінде ғана қателіктерімді түсіндім. Енді бәрін өзгерткім келеді. Бостандыққа шыққан соң отбасыма және достарыма киім тігемін. Білім алдық. Енді қолымызға диплом тиеді. Мүмкін сәнгерлерге де киім тігетін шығармын, арманым сол, - дейді Олеся.