Спорт • 19 Маусым, 2021

Александр Винокуров Олимпиада күніне арналған велошеруді бастады

24 рет көрсетілді

Халықаралық Олимпиада күнін Қазақстанда атап өту эстафетасын Солтүстік Қазақстан өз мойнына алды. Петропавлда жаппай велошеру өтті. Велошеруді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл мереке жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Аталған мереке Қазақстанда 28-ші рет тойланбақ. Осыған орай, Ұлттық Олимпиадалық комитет бүкіл маусымды олимпиадалық құндылықтарға арнайды. Барлық іс-шаралар халықаралық олимпиадалық қозғалыстың «Бәріміз бірге: жылдам, биікке, мықты»  ұранымен өтеді.

Винокуров атындағы спорт сарайынан жүзден астам велошабандоз велошеруге шықты. Ересектер мен балалар қала көшелерімен 10 шақырымдай жүріп өтті.

Қатысушыларға Олимпиада күніне қатысқаны үшін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен елдің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қол қойған сертификаттар табысталды.

ь

«Мен осында келгеніме және спортты сүйетін жерлестеріммен кездескеніме қуаныштымын. Бұл күндері велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, сондықтан Петропавлды дәл қазіргі таңда велосипедшілер мекені деп атауға болады. Бүгінгі шараға қатысқандар қатарында болашақ олимпиадашылардың бар екеніне сенімдімін», дейді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.

Олимпиада күні аясында мерекені атап өту 20 маусымда Алматыда спорттық құзға өрмелеу бойынша сайыспен жалғасады.  21 маусымда Ақтауда бокс және дзюдодан шеберлік сыныптары өткізілсе,  23 маусымда елордада баскетбол ойындары, стрит воркаут, каноэде есуден және текболдан сайыстар ұйымдастырылатын спорттық шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Жеңіс дауысы

Тарих • Кеше

Суретші саясаткер

Өнер • Кеше

Ертеңін ойлаған екпе алады

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар