Теннис • 21 Маусым, 2021

А.Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші жұптық сында Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Данилина Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Анна Данилина ресейлік Варвара Грачевамен бірге бастапқы кездесуін германиялықтар Таисия және Яна Мордергермен өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Олар екінші сетте де осалдық танытқан жоқ – 6:4.

А.Данилина мен В.Грачева жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, хорватиялық Дарья Юрак – словениялық Андрея Клепачпен таласады.

Айта кетейік, А.Данилина кеше жекелей сында жапониялық Мисаки Доидан ұтылып қалған еді.