Осыдан тура 80 жыл бұрын, яғни 22 маусым күні, жобамен таңғы 4-тің шамасында фашистік Герман әскерінің мылтығы ұңғысының ұшынан бір суық оқ ұшып шыққан еді... Әрине, қып-қызыл жалынға орана зырғыған оқтың суық болуы әсте мүмкін емес. Бірақ оның суықтығы, сол сәттегі әлгі оқты атуға пәрмен берген дұшпан пиғылында, мамыражай жатқан бейбіт халықтың тыныштығын бұзып ұшқан ащы да аждаһа дауысында еді...

Әлдебір солдаттың әлдебір мылтығының шатасып басылған шүріппесі емес, түгел адамзатты шырт ұйқысынан түнгі төртте жұлқып оятқан, мақсатты түрде атылған сол оқ тыныштықты тіліп ұшты. Ол оқ дәл сол сәтте ешкімді опат қылмаған шығар, бірақ кейін миллиондаған тағдырды қарауылға ілген қарақшы барлық оқтың бастаушысы сол қорғасын болатын...
Біз көбіне сұм соғыстың басталғандығын Юрий Левитанның радиолардан күркірей шыққан, сондай зілді, сондай қаралы, сондай суық дауысымен еске алып жатамыз. Алайда дүние жүзін аласапыран күйге салған, қаншама жазықсыз жанды жер жастандырған, қаншама отбасының шаңырағын ойрандап ортасына түсірген, талай боздақты майдан даласында мерт қылған, сан мыңдаған жетім мен жесірді өксіткен алғашқы дауыс әлгі оқтың оқыс атылған ащы дауысы болатын.
Сол кездегі Кеңес Одағының батыс шекарасына қарай бағытталып ұшқан сол оқ әлемді бір-ақ сәтте асты-үстіне төңкерді. Адамды адамға дұшпан етті, мейірім мен қатыгездікті адамзат жүрегінде арпалыстырды. Сол сәттен бастау алған бақандай төрт жыл миллиондаған керзі етіктерді қан жалдатты, қарғыс атқан қаралы 1845 күн миллиондаған орамалдың ұшын көз жасына шылады...
Дереккөздерге сүйенсек, сол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күнін қоса есептегенде жер бетіндегі 26-ақ күн соғыссыз өтіпті. Яғни адамзат тарихының қалған парақтарының бәрі тек бір-біріне мылтық кезенуінен ғана тұратын қайғылы оқиғалардан құралады.
Әрине, жамандықты атымен атап, оны көп еске салған дұрыс емес. Алайда сол қанды қырғында шейіт болған, ұрпағының азаттығы үшін қар жамылып, мұз жастанған ата-бабаларымыздың аруағы алдында бұл күнді болашақ ұрпақ ешқашан жадынан өшірмеуі керек.
Кез келген ауылдың қақ ортасында ақ мәрмәрға қашалып жазылған даңқ тақтасы бар. Маңдайшасына «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» деп жазылған сол тарих тақтасында әрқайсымыздың жақынымыз жазулы. Біз сол майдангердің өршіл рухтарынан жаралған ұрпақпыз.
Біздің мойынымыздағы жүк тіпті ауыр болуға тиіс. Себебі келешек ұрпақ сол әкелеріміз бен аналарымыз орнатып кеткен тыныштықты, алып берген азаттықты күзетуде ешқашан қалғуымызға жол жоқ. Жиырма екінші маусымды біз осы тұрғыдан да тілге көп тиек ете беретін шығармыз.
Жалпы, бүгінде әлемді аузына қаратып отырған Жапония мектеп бағдарламасынан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы бар, өздері басынан өткерген басқа соғыстар бар, жалпы қан-майдан туралы түгелге жуық деректі алып тастаған. Олардың ойынша жапон халқы жасаған озбырлық, адамзатқа келтірілген зардап туралы жаңа ұрпақ білмеуге тиіс. Әрине, пікір әралуан. Бірақ баланы мейірімділікке, бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу үшін оған тек жылы-жұмсақ, қызылды-жасылды қызық әңгіме айта беру қаншалықты орынды? Ащы дәрі ғана ажалға қорған, ақиқат айтылуымен ғана бағалы.
Біз қарғыс атқан қырық бірдің қос екісін осы тұрғыдан жыл сайын айтуымыз керек.
Ал енді Отан соғысы тарихын зерделегенде халық алдымен ақын-жазушыларына жүгінетіні белгілі. Сұм соғысты кім қалай жырлады дегенде көз алдымызға біз екі ақынды еріксіз келтірер едік.
Оның бірі – «Батыстың бұлты қанталап, бақасқан жау анталап» деп бастап қан-майданды қызыл өрттің ішінде жүріп жырлаған қазақтың дауылпаз ақынын Қасым Аманжолов еді. Соғыстың тұтас картинасын қанын сорғалатып ақ қағазға айғыздай жазған шайыр жырлары арқылы біз осынау ойранды көзімізбен көрмесек те жан-дүниемізбен жақын сезіндік.
Қош бол досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын,
Сұрапыл бір соғысқа,
– деп басталатын ақын өлеңдері осынау дүниежүзілік қырғындағы қан мен жасқа аралас кітап болып қатталды...
«Келемін қайтып, өлеңімді айтып» дейді жауынгер жазушы... «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» дейді көк найзасы күміс айға шағылған шайыр!.. «Үстінде сұр шинелі, ақсаңдай басып» еліне жеңіс туын көтеріп кірді классик.
Ал енді сол соғыстың суретін дәл бейнелеген екінші шайыр ретінде біз ерке бұлан Қасымның жан жолдасы, классик Сырбай Мәуленовті атаймыз.
Әрине, қазақта ғажап ақындар жетерлік.
Дегенмен:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп
жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды
оттар
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан
солдаттар,
– деп жан дүниеңді жаурата жырлаған, сай-сүйегіңді сырқырата жазған Сырағаң екен!..
Ауыр да қасіретті кезеңді қағазға дәлме-дәл түсіру үшін ақын жүрегіне қаншалықты қуат қажет? Жалпы, бұл ақындар ешқашан соғысты жырладық деп ойламаған болуы керек. Олар өмірді жырлады. Ал енді өмірдің ешқашан қызылды-жазылды қызғалдақтарға толы бола бермейтіні белгілі.
Біз күндей күркіреп өткен соғысты ұмытпаймыз!
Біз бейбітшілік салтанат құрған тыныш аспанымызды ешқандай бұлттың торламауын тілейміз!
Бұл күнді біз осылай еске аламыз...
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Бүгін, 21:10
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Бүгін, 21:09
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Бүгін, 21:07
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Бүгін, 21:04
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан: Саясаттану ғылымының алдында ауқымды міндеттер тұр
Қазақстан • Бүгін, 20:57
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Бүгін, 20:56
Үкімет • Бүгін, 20:54
Спорт • Бүгін, 20:53
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Бүгін, 20:50
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Бүгін, 20:48
Жер телімін алуға жеңілдік баспана мәселесіне басалқы болар еді
Қоғам • Бүгін, 20:47
Референдумды қолдауға үндеу жасады
Референдум-2022 • Бүгін, 20:45
Референдум-2022 • Бүгін, 20:43
Аймақтар • Бүгін, 20:41
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Ulttyq ónim – отандық өндірушілерге ортақ алаң
Қазақстан • Бүгін, 20:38
Экожүйе инвестициялық климатты жақсартады
Бизнес • Бүгін, 20:36
Бизнеске қысым көрсетуді доғару қажет
Бизнес • Бүгін, 20:35
Пікір • Бүгін, 20:33
Ел назарында – «Екінші Республика»
Қазақстан • Бүгін, 20:32
Зұлмат жылдар жаңғырығы – «Ақ боз үй»
Кино • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:26
Қазақстандық теннисшілер халықаралық жарыстарда жеңіске жетті
Теннис • Бүгін, 20:24
Тарих • Бүгін, 20:23
Еліміздегі әскери оқу орындарында даярлық бағдарламалары қайта қаралады
Қазақстан • Бүгін, 19:44
Су ресурстарын басқарудың жеке мемлекеттік органы құрылмайды
Үкімет • Бүгін, 19:26
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 18:49
Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 18:32
ШҚО-да егіс алқабы 14,6 мың гектарға артты
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елімізде «Дебют» шығармашылық бірлестігі қайта құрылады
Өнер • Бүгін, 17:30
Оралда бағанға соғылған Toyota жүргізушісінің халі ауыр
Оқиға • Бүгін, 16:45
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Оралда жол апатынан 20 жастағы қыз көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Ұқсас жаңалықтар