Театр • 22 Маусым, 2021

Қазақстанда қанша театр жұмыс істеп тұр?

1920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың сөзінше, 2020 жылы елімізде алғаш рет 5 мәдениет ұйымына Президент Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі берілген, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қанша театр жұмыс істеп тұр?

Олардың ішінде М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бар.

«Бүгінгі күні Қазақстанда 65 театр қызмет атқарады, оның 53-і мемлекеттік театр. Тәуелсіздік жылдары елімізде 22 мемлекеттік театр ашылып, Орал, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Түркістан қалаларында 9 театрға заманауи жаңа ғимарат салынды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Музыкалық жас көрермендер театры ашылса, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры республикалық деңгейге өтіп, ұжым жаңа ғимаратқа көшті. Сонымен қатар, Түркі әлемінің астанасы ретінде ресми түрде мойындалған Түркістан қаласында ағымдағы 2021 жылы Түркістан музыкалық-драма театры ашылып,  арнайы салынған жаңа ғимаратта өз жұмысын бастады», деді вице-министр. 

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық әрбір шара ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30