Ел және Елбасы • 22 Маусым, 2021

Елбасы «Самұрық-Қазынаны» басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Egemen.kz Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Елбасы «Самұрық-Қазынаны» басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Жиында кеңес шешімдерінің орындалу нәтижелері бойынша баяндамалар тыңдалып, Қордың болашақ инвестициялық жобаларының бағыттары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы А.Сәтқалиевтің ақпаратын тыңдай келе, Қор жұмысына оң баға берді. Дүниежүзілік дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамастан, Қор 2020 жылды табысты аяқтағаны айтылды.

Кеңес мүшелері «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясының сатып алу кезіндегі жергілікті үлесті арттыруға бағытталған тәсілдеріне, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау шараларына қолдау білдірді. Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы пандемия жағдайында Үкімет ұлттық экономиканы қолдау үшін барлық тетіктерді белсенді әрі тиімді пайдаланып жатқанын атап өтті.


Сонымен қатар кеңес барысында «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басшыларының есебі тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.