Қоғам • 23 Маусым, 2021

Татулық – қоғамды дамытудың қозғаушы күші

25 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассам­блеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елдегі бірлік пен келісімді нығайтудағы, аза­маттық және отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді дамытудағы, мемлекеттік тілді ілгерілетудегі Аналар кеңестерінің рөлін талқылады.

– 2014 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы ретінде жұмыс істеп келе жатқан Аналар кеңесі осы уақыт аралығында өз тиімділігін дәлелдеді. Алайда уақыт пен заман талабына сай қоғамда жаңа мәселелер туындап, алдымызға жаңа міндеттер қойылып отыр. Өз жұмысын қоғамның тынысымен сәйкестендіріп отырған құрылым ретінде Аналар кеңесі өткен жылдан бері жалпы адамзаттық проблемаға айналған пандемияға байланысты өз жұмыс бағытына қажетті өзгерістер енгізді. Сондықтан бүгінгі басқосуымыз алдағы жұмыс бағытымызды анықтап, жоспарларымызды нақтылап алуға арналған, – деді қоғам қайраткері, іс-шара модераторы Нәзипа Шанаи.

Оның айтуынша, кеңестің түпкі мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, дамыту және нығайту саналады. Бұл – рухани-адамгершілік, мәде­ни және тәрбиелік мәні бар жұмыс.

– Аналар кеңесі ұрпақтар сабақ­тастығын, ұлттық дәстүрлер мен отба­сылық құндылықтарды нығайту мен сақтауға өзіндік үлесін қосып келеді. Сондай-ақ бұл кеңес қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді іске асыруға тың серпін береді. Осы кеңесте ұлт­тық және отбасы құндылықтарын дә­ріптеу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдің бірлігі мен келісімін сақтай білу сынды бірқатар негізгі мәселелер қаралады. Кеңес құрылған сәттен бастап отбасы мәртебесін көтеру, отбасы құндылығын арттыру, отбасылық тәрбие, ажырасудың, құқық бұзушылықтың алдын алу сияқты мәселелер жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру бойынша бірқатар ауқымды бастамалар көтерілді, – деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассам­блеясында 11 мыңнан астам адамның басын біріктіріп отырған 1 795 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі этномәдени бірлестіктердің басшылары, мәдениет және білім беру мекемелерінің, үкіметтік емес сектордың, психологиялық-медици­налық мекемелердің өкілдері, әйелдер қоғамдық ұйымдарының белсенділері, медиаторлар.

– Бүгінде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен көз­қа­растар, стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзек­ті мәселеге айналып отыр. Себебі осы күні бейбітшілік пен тұрақты­лықты қамтамасыз ету үшін зорлық-зом­былықсыз өмір сүрудің жолдарын іздеу  аса маңызды. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың қажеттілігі туындайды. Себебі ер мен әйелдің қоғамдық рөлі жа­йлы ұғым мен ұстаным ұрпақтан- ұр­паққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсі­ніктер негізінде қалыптасады. Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тари­хы бойында дамып отырады және оның тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни қырлары бар, – деді Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған жаңа міндеттер аясында Аналар кеңе­сін одан әрі дамыту шаралары айқын­далып, ортаға орамды ой тасталды.

– Аналар кеңесі – бұл біздің жаста­рымызды әлеуметтендірудің басты әрі тиімді институты. Қоғамдық құн­ды­лықтар, патриотизм мен бірегейлік балаларымыздың бойында отбасы арқылы қалыптасады. Сол отбасында біз алғашқы әрі өмірлік тәрбиені ана­мыздан аламыз. Сондықтан Ана­лар кеңесінің идеологиялық рөлі аса маңызды. Адам баласының бойын­дағы барлық қасиеттердің негізі от­басында қаланып, оның бүкіл ғұмы­рының арқауы болатыны анық. Бұл ретте, Аналар кеңесінің отбасы­лық құндылықтарды дәріптеу, берік отбасылық қатынастарды қалып­тас­тыру бағытындағы жұмысы бүгінгіден де жақсарып, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі тиіс, – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Оның айтуынша, Аналар кеңесі балалардың бойында қазақ халқының, мемлекеттік тілдің топтастырушы рөлі туралы түсінік қалыптастыруға, ұлт құн­дылықтарының негізі ретінде этнос­аралық қатынастар са­ла­сындағы мем­лекеттік саясат қағи­даттарын ілге­рі­­летуі тиіс. Сон­­дай-ақ Ассам­­блея­­ның Аналар кеңесі белсенді жас ана­лар үшін нағыз әлеуметтік лифт болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

«Шыңырау» шыңға шықсын

Өнер • Бүгін, 00:18

Тың тәсілдердің тиімді тұсы көп

Медицина • Бүгін, 00:14

Чилидің Шолпан жұлдызы

Әдебиет • Кеше

Паспорт

Руханият • Кеше

Жеке пьеса жазуға лайық

Руханият • Кеше

Ана мейірімі

Қоғам • Кеше

Доллар арзандады

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар