Баланы ата-аналары өздері іздегенімен нәтижесіз еді. Амал қалмаған соң жергілікті жердің әр соқпағын жақсы білетін шекарашылардың көмегіне жүгінген.
ШҚ әскери қызметшілері Бутч іздестіру итімен екі іздеу тобына бөлініп, жергілікті жердің қатпарларын сүзе бастайды. Жолды шамдармен жарықтандырып, баланы қатты дауыстап шақырады. Іздеу түні бойы жалғасқан. Таңғы сағат 05.30-да Кеңесхан шекарашылардың дауысын естіп, алдарынан шыққан. Баланың айтуынша, ол үйге қайтуға тырысқан, бірақ шаршап, ағаштың түбінде ұйықтап қалған екен.