Әлем • 23 Маусым, 2021

Ангела Меркель коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасының екінші дозасын салдырды, жоспар бойынша ол AstraZeneca салдыруы тиіс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ангела Меркель коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдырды

Алдын ала мәліметке сәйкес, екінші доза үшін өзге вакцинаны таңдауға Роберт Кох атындағы вирусология институтының вакцинация жөніндегі тұрақты комиссиясының (Stiko) AstraZeneca вакцинасын 60 жастан асқандарға салмау туралы берген кеңесіне байланысты болуы мүмкін. Комиссия вакцинаның бірінші дозасын салдырып қойғандарға Moderna-ға көшуді ұсынған.

Сарапшылардың айтуынша, 66 жастағы канцлер бұған дейінгі зерттеулердің бір екпенің және бір өндірушінің екі дозасын салдырғаннан гөрі, AstraZeneca мен өзге вакцинаны араластырудың тиімділігін көрсеткенін білген.

Қазіргі таңда Германияда 67 миллион адамға COVID-19-ға қарсы вакцина салынған, олардың арасында кемі 42,5 миллион адамға бірінші доза салынған.

Айта кетейік, канцлер еуропалық елдердің біразы бас тартып, шектеу қойса да 16 сәуірде AstraZeneca вакцинасының бірінші дозасын салдырған. Вакцинаны қолдануға тыйым салу үшін бірқатар негіз болды, атап айтқанда тромбтардың түзілуі, аллергиялық әсер және тағы да басқа. Алайда ДДСҰ мен ЕМА ұсынымына сәйкес бірқатар елде қайта салына бастады.