Тарих • 23 Маусым, 2021

Аудан архивіндегі қуғын-сүргін тарихы

828 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында байлар қазақ ауылының негізгі тірегі болатын, олардың жанында қауымдастықтың қалған өкілдері топтасты. Ол көшпелі халықтың өміріндегі орталық жүйенің бір бөлігі еді. Кеңес өкіметі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан осы жүйені бұзу керек екенін жақсы түсінді, онсыз далалық қазақтарды басқара алмайтын. Осыдан да қазақ қоғамында байлардың мал-мүлкін тәркілеу, оларды жер аудару, ұжымдастыру біртіндеп кең көлемдегі қасіретке ұласты. Ірі қазақ байларына қарсы бағытталған жаңа реформа қазақтың дәстүрлі қоғамын құртудың бастамасы болды, осының барлығы Қазақстандағы жойқын ашаршылыққа алып келді. Байлар институтын саяси репрессиялар арқылы құрту бүкіл көшпелі халықтың өмір сүру жүйесін тас-талқан етті.

Аудан архивіндегі қуғын-сүргін тарихы

Әрине, бұл туралы кеңес тарих­шылары көп жазды, олар мем­лекеттің қолдауына сүйеніп, кей жерлерде айылын да жиған жоқ. Белгілі тарихшы Г.Ф.Дахшлейгер өз еңбегінде «қазақ ауылындағы бай орыс деревнясындағы ку­лак­тан күшті болды, үлкен би­лік­ке ие болды. Ол тек қана эко­но­ми­калық басымшылығын ға­на емес, сонымен қатар қанау фак­ті­лерін жамылған кешегі өт­кен пат­риархалды-феодалды және ру­­лық институттарды қолдан­ды» деп көрсетті. Сол кездегі БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті­нің республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағ­дайы туралы шолуында былай анық­талды: «өзінің экономикалық кү­шінің арқасында, әзірше бай ауыл өмірін басқара алады, көпте­ген жер, мүлік және басқа да ша­руа­шылық-тұрмыстық істерді солар шешеді». 

Қазақстан Мемлекеттік жос­парлау комитетінің 1928 жыл­ғы мәліметтері бойынша Қазақ­стандағы 567 мың көшпелі жә­не жартылай көшпелі шаруа­шы­лықтың 23 мыңы бай шаруа­шылығы болды. Тарихшы С.Қазиев төмендегідей мәліметтер береді, 1928-1929 жылғы тәркілеуден кейін республикада 55-60 мың бай-кулак шаруашылығы (бұл ста­тистикаға көшпелі ғана емес және жер шаруашылығымен айна­лысатын шаруашылықтар да кі­реді) қалған. Осыдан 1930-1931 жыл­дары 40 мың шаруашылық жойылды, қалғандары өз өмір сү­руін әрі қарай ұжымдастыру ке­зінде тоқтатты.
Кеңес өкіметі қауіптенген, қа­зақ қоғамының белді өкілдері – байлар институты 1920 жылдары өте күшті болды. Француз тарих­шысы Изабелла Огайон сол кездегі қазақ қоғамын сипаттай отырып, «дебаизация» деген жаңа термин енгізді. Кеңес өкіметі үшін басты мәселе көшпелі өмірді тас-талқан ету еді, оны, әрине, алдымен байларды, осы көшпелі өмірдің басты құрылымын жойып қана істей алатын еді.

Қазақстандағы шаруаларға қа­тысты Кеңес өкіметінің мем­лекеттік саясаты ерекше болатын. Көшпелі шаруашылықты күйре­ту мақсатында қазақ ауылдарын орыс шаруаларының деревняла­ры үлгісіне ауыстырғысы келді, бірақ ол үшін қазақтардың көш­пелі және жартылай көш­пелі ша­руашылықтарын отырық­шы­ландыру қажет болды. Күштеп оты­рықшыландыру тек қана өмір сүріп тұрған қоғамның негізгі, өте беделді адамдарын жоқ қылу арқылы жүзеге асатын еді. Билікке келген өкімет осындай қадамға барды. Олар 1920 жылдың аяғына таман байлардың мал-мүліктерін тәркілеуді бастады.

1928 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті «Ірі бай-жартылай феодалдарды тәркілеу» туралы шешім шығарды, шешімде жазылған: «жергілікті тұрғындардан шыққан ірі бай­лар, жартылай феодалды, пат­риархалды және рулық қарым-қа­тынастарын сақтай отырып, өзінің мүліктік және қоғамдық беделі арқылы ауылды кеңестендіруге ке­дергі кел­тіруде». Назар ауда­рып қара­сақ, ірі байлардың қатары­на 245 – болыстар, хандар тұқым­дары, даттар, 76 – атқамінерлер, ақсақалдар және билер, 8 – молда, ишандар, 44 – алашордашылар мен шенеуніктер кірген. Мы­са­лы, Абай Құнанбаевтың бала­сы Тұрағұл Ибрагимов. 1928 жыл­дың 9 қазанында Семейден тәр­кілеу барысы туралы телеграмма жіберілген. Онда Тұрағұл Ибра­гимовті ірі байлар қатарына қо­суды кедейлер талап етеді делін­ген. Ал Тұрағұлдан тек қана 36 бас мал алынған.

1930 жылдың 30 қаңтарында БКП(б) Орталық Комитетінің Сая­си Бюросы «Жаппай ұжым­дастыру аудандарында кулак шаруашылығын жою шаралары туралы» деген қаулы қабылдады. Бұл қаулы бүкіл Кеңес Одағында жүргізілген кулак шаруашылы­ғын жою реформасының бастамасы болды. Шара Қазақстанды да айналып өтпеді. Елімізде байларды тәркілеу екінші рет жанданды, тіпті ашық түрде қудалау басталды. 
Саяси репрессиялар құрбан­дарына айналған қазақ байларын ақтау мәселесі еліміз тәуелсіздік алған соң бірден көтерілді. Себебі аталған мәселе қазақ қоғамының өзекті мәселесі, жанына батқан жарасы-тұғын.

1993 жылғы ұжымдастыру ке­зінде ашаршылыққа алып келген нормативті-құқықтық актілерді зерттеу бойынша комиссия қоры­тынды шығарды. Комиссия 1928 жылдың 27 тамызындағы «Бай шаруашылықтарын тәркі­леу туралы», 1928 жылдың 13 қыр­күйектегі «Ірі және жар­тылай фео­далды байларды жер ауда­ру және тәркілеуге қар­сы тұру үшін қылмыстық жауап­кер­ші­лік туралы», 1930 жылдың 19 ақпа­нында «Байлармен, кулак­тармен күрес бойынша және жаппай ұжым­дастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды күшейту бойынша шаралар» деп аталатын Қазақ Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлар кеңесі қаулы­ларын зерттеген болатын. 

Қазақстан Республикасы Жо­ғары Кеңесі Президиумының Комиссия қорытындысы келесі­дей шешім шығарды. 1928 жылғы тәр­кілеуге байланысты бар­лық материалдарды ҚазКСР Орта­лық атқару комитеті жанындағы бай жартылай феодалдардың мал-мүл­кін тәркілеу және жер аудару Орталық комиссиясының де­ректері, оның ішінде ірі бай­лардың жеке істері арқылы есеп­теді. Қорытындыда жазылған, «өкінішке қарай, Қазақстандағы кулактарды жою көлеміне дәл баға беру әзірше мүмкін емес, себебі анықталған материалдардың шы­найылығы қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде, оның ішінде, бұрынғы КСРО-ның ҰҚК және ІІМ архивтарында жиналған бұ­рын жабық болып келген мате­риалдарға талдау қажет. Сонымен қатар тек қана 1930-1931 жылдары республикадан тыс жерлерге «кулактық жер аударуларға» жіберілген Қазақстандағы шаруалар саны толық емес мәліметтерге қарағанда 6 765 адамға жетті. Ал бес жылда, 1929 жылдан 1933 жыл аралығында, ҚазАКСР ОГПУ үштігімен, толық емес ақпарат бойынша, 9 805 іс қаралған және 22 933 адамға қатысты шешім шығарылған, оның ішінде: ату жазасына 3 386 адам кесілген, конц­­лагерьлерге 3 жылдан 10 жыл­ға дейін – 13 151 адам қамал­ған». Үштік шешімдерін өлкелік және облыстық партия комитеттері бекіткен. 

Белгілі тарихшы Талас Омар­бековтің еңбектерінде күштеп ұжым­дастыру, тәркілеу және ку­лак­тарды жою науқандарында рес­­пуб­ликадағы репрессияланған шаруалар саны 165 000 адамды құрады.
1997 жылы 8 желтоқсанда бел­гілі заңгер-ғалым Сабыр Қасы­мовтың бастамасымен Парламент Сенаты арнайы комиссия құр­ды. Мақсат – Қазақстан еге­мен­дігі мен тәуелсіздігі үшін кү­рес қатысушыларына, соны­мен қатар республика терри­то­риясын амалсыз тастап кеткен отан­дас­тарға қатысты заңдық ак­тілердің сай жобаларын әрі қарай жасау үшін тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және зерттеу үшін еді. Заңгер-ғалымның комиссияға айтқан осы кезеңде келтірген тұ­ж­ы­рымына Қарағанды облысы, Тельман ауданын зерттеген кез­де көзіміз толық жетті. Комиссия Қазақ Орталық атқару комитеті­нің «Бай шаруашылықтарын тәр­кілеу туралы» қаулыны орын­дау бойынша байларға жат­пай­тын сұлтан ұрпақтары, бо­лыс басқарушылары, би, атқа­мі­нер­лерге, яғни қазақ тұр­ғын­дары­ның оқыған бөлігінің бар­лы­ғы­на қарсы саяси репрессияларға қа­тысты мәліметтерді жинаумен айналысты. Бірақ комиссия жұ­мысы Сабыр Қасымовтың депу­таттық өкілеттілігі аяқталған соң тоқтатылған болатын. 

2020 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Қ.Тоқаевтың Жарлығы бойынша саяси репрессиялар құр­бандарын толық ақтау ту­ралы Мемлекеттік комиссия құ­рыл­ды. Саяси репрессиялар құр­бандарын толық ақтау туралы Мемлекеттік комиссия жұмысы кеңес кезеңінің жаңа архивтік құжаттарын мемлекеттік деңгейде құпиясыздандырудың келесі бір кезеңі болады және тарихшы-ға­лымдардың үлкен және тың­ғы­лықты жұмысы көптеген жаңа, белгісіз адам аттары мен оқи­ға­­ларды жарыққа шығарады. Бұл, осы 2021 жылы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ХХ ғасыр тарихын зерттеуге жаңа серпін бере алады.

Мемлекеттік комиссияның «Бай, кулак, жартылай феодал (ор­таша шаруа) және шаруаларды ақтау бойынша ұсыныстар мен қорытындыларды дайындау, зерт­теу» жұмыс тобының мүшесі ре­тінде Қарағанды облысында зерт­теу жұмыстарын жүргізген едік. 

Қазақ Орталық атқару коми­те­тінің 12 сессиясының VIII шақы­рылымы шешімімен 1932 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысы құрылды. Қарағанды облысының орталығы болып Петропавл қа­ласы бекітілді. Солтүстік пен Орта­лық Қазақстанның барлық тер­риториясы, оның ішінде Ақмола округі осы облыстың құ­ра­мына енді. 1931 жылға дейін Қа­ра­ғанды ауданы деп аталған Тельман ауданы да осы облыстың құрамына кірді. Бұл ауданға қазіргі Қарағанды облысының, қала маңындағы көптеген аудандары және Осакаров ауданы да кірді.

1933 жылдан бастап ет дайындау, астық дайындау науқандары­на байланысты аталған ауданда ауқатты адамдар мен биліктің арасында көптеген кикілжіңдер бел алды. 1933 жылдың наурыз айында ОГПУ-дың Тельман ауда­нындағы бастығы А.Русских осы аудан колхоздарында кулак шаруашылықтары бар екенін айтып, аудандық комитетке хат жазудан басталды. Әр колхоз бойынша толық мәліметтер берілді.

Саяси репрессиялар көп күт­тірмеді. Бір-екі айдан ке­йін мә­селе Қарағанды облыс­тық пар­тия комитетіне жетті. Тель­ман аудандық партия комитеті хат­шысының хабарлауынша, көптеген колхоздардан «бандиттік» топ­тар табылған. Айтуынша, бұрынғы Қарағанды және Қарқаралы, Шет аудандары тұрғындары құрған колхоздардың мүшелері кедейлер мен батырақтар емес, Спасск за­уытына орналасуға келген бұ­рынғы байлар болып шықты. Тіп­ті, Қарлагтан қашып шыққан бес бай бәрін ұйымдастырған. Олардың барлығы колхоз мүше­лері ғана емес, ауыл кеңес мү­ше­лері болып алды делінді. Бай­лардың саны 24, аты-жөндері: Бар­менов Мұсабек (1929 жылы Қарқаралыдан қашқан), Шакиров Орамбек (ауыл кеңес төрағасы), Жиембаев Әбдікәрім (колхоз төр­ағасы), Тукшуманов Байкен (ауыл кеңес хатшысы), Алсенов Ка­межан (колхоз хатшысы), Чен­гисов Бегалы (Спасск зауытының ми­лициясы бастығы). Бұл адам­дарға колхоздарда болған мал өлі­мі, жоғалғаны түгел айып ретін­де қойылды.

Осыдан соң, Тельман ауда­нында колхоздардан бұрынғы бай­ларды іздеп, саяси репрессияларға ұшыратып, жер аудару науқаны басталды. Бұл үлкен репрессияның бастауы болатын.
Тізімді қарап отырсақ, Тельман ауданында «тазалау» қарқынды жүргізілгені көрінеді. Байлармен қатар, «байлармен байланысы бар», «молданың ұлы» деген же­леу­мен жергілікті тұрғындар да жер аударылып кете барды. Міне, осылайша, байларды жер аудару жалғаса берді.

Бүгінгі күні осы жерде атал­ған аты-жөні бар адамдар Саяси репрессиялар құрбандарын то­лық ақтау туралы Мемлекеттік ко­миссия тарапынан ақталуға берілді. Осы адамдардың ұрпақтары, әри­не әлі күнге дейін бар болуы мүмкін. Олар әр бай, оның балалары, туыстары қалай тәркіленді, қалай жер аударылды, қаншасы аштан қырылды, қалай саяси репрессияға ұшырады, түрмелерге қамалды деген сұрақтарға жауап іздейтіні сөзсіз. 

 

Арайлым Мұсағалиева,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор

 

Тельман ауданы бойынша архивтен табылған

жер аударылған байлардың тізімі

Тельман ауданы бойынша архивтен табылған жер аударылған байлардың тізімі

ФИО

 

 

1

Мусин Адабай

Бай кулак

Елтай колхозы

2

Колбагаев Кенже

Бай кулак

Елтай

3

Бекназаров Жакен

Бай кулак

Елтай

4

Бекназаров Ахмет

Бай кулак

Елтай

5

Тажиков Сарсенбай

Бай кулак

Елтай

6

Аккошкаров

Бай кулак

Елтай

7

Мужерабиев Имаш

Бай кулак

Елтай

8

Сатаев Таркан

Бай кулак

Елтай

9

Мукашев Хусаин

Бай кулак

Елтай

10

Ирисбаев Магжан

Бай кулак

Елтай

11

Бекназаров Шаяхмет

Бай кулак

Елтай

12

Омарханов Хасен

Бай кулак

Елтай

13

Тажиков Нурлан

Бай кулак

Елтай

14

Тажиков Коккоз

Бай кулак

Елтай

15

Шекеев Жумаш

Бай кулак

Елтай

16

Сатаев Шабан

Бай кулак

Елтай

17

Тленшиев Айтен

Бай кулак

Елтай

18

Хошанов Тарбек

Бай кулак

Елтай

19

Жумабеков Ермек

Бай кулак

Елтай

20

Тохашев Жумабай

Бай кулак

Елтай

21

Буркутбаев Жумат

Бай кулак

Елтай

22

Тажиков Нурлан

Бай кулак

Елтай

23

Тажиков Омар

Бай кулак

Елтай

24

Тажиков Нурбай

Бай кулак

Елтай

25

Мусин Ибрай

Бай кулак

Елтай

26

Мусин Арабай

Бай кулак

Елтай

27

Мусин Кесбай

Бай кулак

Елтай

28

Мусин Нурымжан

Бай кулак

Елтай

29

Сатов Тогай

Бай кулак

Елтай

30

Сатбаев Сауданбай

Бай кулак

Елтай

31

Туркенов Иса

Бай кулак

Елтай

32

Хулмаганбетов Хонахбай

Бай кулак

Елтай

33

Алкеев Ташмаганбет

Бай кулак

Елтай

34

Жылкыбаев Кабкен

Бай кулак

Елтай

35

Ермаганбетов Мухан

Бай кулак

Елтай

36

Жиданов Саткан

Бай кулак

Елтай

37

Данияров Алмаган

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

38

Данияров Акмаганбет

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

39

Кошкиінбаев Ахмет

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

40

Жиенбеков Шекен

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

41

Жусупов Какарман

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

42

Калиев Садык

кулак

«Жаңа жұмыс» колхозы

43

Байдаулетов Дуйсен

кулак

Ақши колхозы

44

Дюсенов Мукаш

кулак

Ақши колхозы

45

Аташешов Кикенбек

кулак

Ақши колхозы

46

Сураков Оспанбек

кулак

Ақши колхозы

47

Акбаев Копыш

кулак

Ақши колхозы

48

Токибеков Мусина

кулак

Ақши колхозы Саудагер

49

Абуев Газиз

кулак

Ақши колхозы

50

Конышбаев Серик

кулак

Ақши колхозы

51

Аймаганбетов Хасен

кулак

Ортақшыл

52

Жаныбеков Жуматай

кулак

Ортақшыл

53

Маханбетов Абсухан

кулак

Ортақшыл

54

Мугайтпасов Хасен

кулак

Ортақшыл

55

Кулжумуров Арын

кулак

Ортақшыл

56

Макажанов Каппар

кулак

Ортақшыл

57

Шамин Сейтпек

кулак

Ортақшыл

58

Ибашев Муздыбай

кулак

Ортақшыл

59

Джайлин Кобжасар

кулак

Ортақшыл

60

Джусупов Икрам

Бай кулак

Ақжерек

61

Бейсеков Раким

Бай кулак

Ақжерек

62

Бугубаев Сухубай

Бай кулак

Ақжерек

63

Шердеков Кусаин

Бай кулак

Ақжерек

64

Жапенов Бекжан

Бай кулак

Ақжерек

65

Елейсызов Бейсекей

Бай кулак

Ақжерек

66

Скаков Токмурза

Бай кулак

Ақжерек

67

Кудабаев Зияда

Бай кулак

Ақжерек

68

Нурмаганбетов Касен

Молданың ұлы

Ақжерек

69

Кошегенов Макен

Бай кулак

Тегістік колхозы

70

Боранбаев Абеу

Бай кулак

Тегістік колхозы

71

Жусупова

Бай кулак

Тегістік колхозы

72

Жолсанова Субайда

Бай кулак

Тегістік колхозы

73

Шамсин Тезекбай

Бай кулак

Өндіріс колхозы

74

Жиенбаев Исентай

Бай кулак

Өндіріс колхозы

75

Асенов Хунантай

Бай кулак

Өндіріс колхозы

76

Асенов Камен

Бай кулак

Өндіріс колхозы

77

Мукдеков Мадия

Байлармен байланысы

Көкөзек ауылсоветі

78

Джаркынбаев Алкиб

Байлармен байланысы

Көкөзек ауылсоветі

79

Шекшеков Асаутай

Байлармен байланысы

Көкөзек ауылсоветі

80

Джиенбаев Абдыкарим

Бай кулак

Өндіріс колхозы

81

Асенов Хамитжан

Бай кулак

Өндіріс колхозы

82

Адлиров Омар

Бай кулак

Өндіріс колхозы

83

Джумабеков Бедеубай

Бай кулак

Өндіріс колхозы