Парламент • 24 Маусым, 2021

Сенат кәсіпкерлерді қорғайтын заң қабылдады

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат кәсіпкерлерді қорғайтын заң қабылдады

Заң жобасына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасады. Құжаттың негізгі міндеті - Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге, «Прокуратура туралы» және «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Тұтастай алғанда, заң жобасының нормалары азаматтардың құқықтарын қорғауды арттыруға, прокуратура қадағалауын кәсіпкерлер проблемаларын тиімді шешуге қайта бағыттауға, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан кепілдіктерді күшейтуге, сондай-ақ бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күреске мүмкіндік береді.

«Бұл Заң Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатымен қабылданып отыр. Соған сәйкес, кәсіпкерлермізді рейдерліктен және құқық қорғау мен бақылаушы органдардың заңсыз іс-әрекеттерінен қорғау үшін қосымша жүйелі шаралар қабылданды.

Қабылданған түзетулер алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етуге арналған қосымша құқықтық негіздер қалыптастырады», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15