Тиісті бұйрыққа денсаулық сақтау министрлігінің Бас директоры профессор Хези Леви 23 маусымда қол қойды.
Бұл шара Сovid-19 инфекциясын жұқтыру оқиғалары санының артуына байланысты қолға алынып отыр. Инфекцияны жұқтырудың жаңа эпизодтары елдің әртүрлі аймақтарында тіркелуде.
Енді егер карантинге жатқызылған бала шектеу шараларын бұзған жағдайда, баламен бірге тұратын ересек адамға 5000 шекел айыппұл салынуы мүмкін.