Аймақтар • 24 Маусым, 2021

Атырауда вакцина алғандар саны 75 мыңға жуықтады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде ақпаннан бері коранвирус инфекциясына қарсы вакцина алған адамдардың саны 75 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда вакцина алғандар саны 75 мыңға жуықтады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 1 ақпан-23 маусым аралығында 74 875 адам «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырыпты. Вакциналардың II компонентін 38 695 адам ектірген.

«Ал, 23 маусымда 1 433 адам вакцина алды. Екпе алғандардың арасында 71 медқызметкер, 82 педагог, 18 студент, арнайы мекеменің 8, құқық қорғау органдарының 13 өкілі бар. Сондай-ақ, 8 мемлекеттік қызметші, түрлі созылмалы ауруы бар 78 адам, 1 155 жергілікті тұрғынвакцина салдырды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.