Оқиға • 25 Маусым, 2021

Депутат Талғат Мұсабаев елордалық қызды ұрғаны рас па?

3223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Талғат Мұсабаев саябақта итін серуендетіп жүрген қызға қол жұмасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Талғат Мұсабаев елордалық қызды ұрғаны рас па?

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оқиға 24 маусымда болған. Мұсабаев пен елорда тұрғыны Алина Нұртас арасындағы жанжал саябақта болған. Қыз итін серуендетіп жүргенін айтады.

«Саябақта қысқа қарғыбауға байланған итіммен серуендеп жүргенмін. Кішкенеден соң біреудің айғайлағанын естідім. Мән бермей жүре бердім. Жақындап келіп, тағы айғайлады. Мұрнымның астынан дөрекі адамға балағат сөз айттым да, одан әрі жүре бердім. Ер адам бұрылып, серпілді де, иығымнан жұдырығымен бір ұрды. Қолым жансызданып қалды», дейді зардап шегуші.

Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқық бұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген.

Нұр-Сұлтан полиция департаменті аталған жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

«24 маусым күні сағат 17: 22-де «102» арнасына Момышұлы көшесіндегі Триатлон саябағында ер адам қызды ұрып, онымен дөрекі сөйлескені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Ер адам мен ит иесі арасындағы жанжал үй жануарын тұмылдырықсыз серуендетуге байланысты шықаны анықталды. Дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», деді  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.