Қоғам • 25 Маусым, 2021

Коммерциялық емес ұйымдардың жұмысы жетілдірілетін болады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтің төрағалығымен коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коммерциялық емес ұйымдардың жұмысы жетілдірілетін болады

Жұмыс тобының құрамына қоғамдық ұйымдардың басшылары, халықаралық ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, заңгерлер, оның ішінде Бану Нұрғазиева, Евгений Жовтис, Гүлмира Кужукеева, Гүлнар Құрбанбаева, Марат Шибутов, Айгүл Соловьева және басқалар кірді.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс тобы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді.

Жаңа заң жобасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелерін біріктіреді деп көзделуде.

Талқылау барысында қатысушылар коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандарының ұғымдық аппаратын жетілдіру; КЕҰ тіркеу рәсімдерін жетілдіру және оңайлату; КЕҰ үшін салықтық преференциялар, шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті ұсыну бойынша Салық кодексінің нормаларын жетілдіру қажеттігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше