Оқиға • 25 Маусым, 2021

Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағандыда көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

«24 маусым күні кешке Қарағанды қаласының 14-шағынауданында 2-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған қыз бала құлап түсті. Баланың ата-анасы сол сәтте көрші бөлмеде болған. Бала түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды», деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.

Дәрігерлер баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп мәлімдеді.

«Баланың бас миы шайқалып, жамбас буыны шығып, балалар жарақат бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады», деп түсіндірді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жас балалардың терезеден құлау фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты алаңдаушылық білдіруде.

ТЖД қызметкерлері полициямен бірлесіп барлық жерде балалар қауіпсіздігі шараларын түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бірақ, әдетте, жазда балалардың құлап кету фактілері артады. Ересектер кейде баланы бірнеше секундқа қараусыз қалдырудың орны толмас салдарға әкелуі мүмкін екенін есте ұстауы керек.

Егер сіз сергек болмасаңыз, балалардың қызығушылығы өлімге әкелуі мүмкін. Қарағанды облысының ТЖД мамандары қауіпсіздік шаралары туралы тағы да еске салады:

- Кішкентай балаларды терезелері ашық үй-жайларда жалғыз қалдырмаңыздар, себебі құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алады.

- Терезелерден барлық жиһаздарды алшақтатып ысырып тастаңыздар, бала оларға мініп, терезенің алдына шығып кетуі мүмкін.

 - Ешқашан москит торларына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және оған сүйенеді. Көбінесе балалар торлармен бірге құлап кетеді.

- Балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз.

- Егер сізде дәл қазір құлыптау немесе сақтандыру құрылғысын орнату мүмкіндік болмаса, терезе тұтқасын оңай бұрап алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше