Оқиға • 25 Маусым, 2021

Павлодарда жастар төбелес шығарды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда жастар арасында төбелес шығып, біреуі ауруханаға түсті. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Рavlodarnews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жастар төбелес шығарды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 21.20-да полицияға қалалық саябақ маңындағы «Белис» дәмханасының жанында соққыға жығылған жігіт жатқаны туралы  хабарлама түскен. 

- Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері үш жас жігіттің дәмханада алкоголь ішкенін анықтады. Сағат 20.30 шамасында мекеме күзетшілері олардан дәмханадан кетуді сұраған, өйткені жігіттер агрессивті әрекет ете бастаған. Олардың біреуі көшеде өтіп бара жатқан адаммен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан, - деді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оқиға салдарынан мұрны жарақаттанған жас жігіттің бірі ауруханаға жеткізілді. Төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.